Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы



Pdf көрінісі
бет187/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы
пайғамбар  және  мүминдер  сіздің  істегендеріңізді 
(еңбектеріңізді) көретін болады (деп айт)»
140
.
Бір хадисте: «Аллаһ өз (маңдай тер, адал) еңбегімен 
күн көретін құлын жақсы көреді»
141
, – делінген. Демек, 
раббымыз  еңбекқор,  жұмыскер,  қолынан  іс  келетін 
епті мүминдерді әрі жақсы көреді, әрі оларға қошемет 
жасайды.
Басқа бір хадисте: «Сіздің араңыздан ешқайсыңыз 
өз (қолының) еңбегімен тапқан астан әлдеқайда таза 
(адал) ас жей алмайды»
142
, – деген. Яғни, қол еңбегі ең 
қайырлы рызық болып саналған. 
Көріп  отырғанымыздай,  маңдай  тер,  адал  еңбегі-
мен  табылған  рызықты  Аллаһ  та,  пайғамбар  да 
қошеметтеуде. осы жерде мына бір оқиғаны тілге тиек 
ете кетелік.
Бірде  ардақты  пайғамбарымыз  (с.а.с.)  әлдебір  ша-
руамен  Мәдина  шаһарының  сыртына  шыққан  бола-
тын. Қайтар жолда оны бау-бақшасында жұмыс істеп 
жатқан бір сахабасы шақырады. Пайғамбарымыз әлгі 
кісінің  қасына  барғанда,  оның  кетпен  ұстап,  әбден 
тілімделген қолын көріп, қатты сүйсінеді. Тіпті оның 
қолдарын өзінің қасиетті жүзіне тигізіп: «Аллаһ разы 
болатын қолдар міне осындай  қолдар» деген екен.
Кетпен  шапқан  сахабаның  қуанышында  шек 
жоқ  еді.  Өйткені,  істеген  еңбегінің  еш  кетпейтіндігін 
Пайғамбарымыздың  өз  аузынан  естіп  еді.  Пай-
ғамбарымыз  еңбекқор  жанның  қолымен  жүзін  сипай 
отырып қияметке дейінгі жұмысшылар, шаруалар мен 
140
 «Тәубә» сүресі, 9/105
141
 Ибн Мәжә, Зүһд, 5
142
 Бухари, Бүйү, 15


176


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет