178
Исламдағы тазалық
немесе қорғаушылардың (әскери басшылар) жағдайы
аянышты. Қиямет күнінде кейбір топтар: «Әттең,
үркер жұлдыздарына шашымыздан асылып көкпен
жердің арасында сілкіленсек, бірақ жауапкершілікті
мойнымызға алмаған болсақ», – деп өкінеді»
145
деп
айтылады. Дегенмен оның қарым-қабілетін бағалап,
басқа адамдар басшылыққа ұсынған жағдайда
жауапкершілікті қабылдауында ешқандай әбестік жоқ.
Сахаба Абдурахман ибн Сәмураға (р.а.) ардақты
Пайғамбарымыз былай деген:
«Басшылыққа ұмтылма!
Себебі, басшылыққа еркіңнең тыс тағайындалсаң,
Аллаһтан көмек келеді, ал оны өзің талап етсең, онда
жеке өзің мойынмен көтересің»
146
.
Ислам діні табыс табу үшін саудамен, кәсіпкерлік-
пен және лауазымды қызметпен айналысуды шекте-
меген. Алайда капиталистік немесе прагматикалық
көзқарастан бөлек үш негізгі қағиданы ұстанады:
Екі
жақты ризашылық;
6
жақсы
ниет және туралық;
6
Өз мүддесін қамтамасыз етумен бірге басқалардың
6
мүддесіне нұқсан келтірмеу; Құранның төмендегі
аяты осы мәселеге қатысты негізгі қағидаларды
белгілейді:
«Ей, иман еткендер! Мал-мүліктеріңді
өз араларыңда әділетсіздікпен жемеңдер. Бірақ екі
жақты ризашылықпен жасалатын сауда арқылы
болса (бұл) басқа, өздеріңді құрдымға кетуден
сақтаңдар. Күдіксіз, Аллаһ сендерге өте мейірімді.
Кімде-кім шектен шығып және залымдықпен
145
Ибн Хиббан, әл-Бүйү 4;
Ибн Мәжә, әл-Тижарат 3
146
Бухари, әл-Аһкам 5-6; әл-Әйман 1; Мүслим, әл-Имарах 13; әл-
Иман 19