Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет193/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
анық.  Бір  мұсылманның  осындай  ірі  компанияларға 
серіктес  болуына  ешқандай  діни  шектеу  жоқ;  ол 
серіктестік  пайыз,  алдау,  қулық,  әділетсіздік,  қиянат 
секілді діни тұрғыдан тыйым салынған қызмет түрімен 
айналыспауы қажет. 
Ислам  дінінің  капитал  мен  еңбек  күшінің  бірігуі 
нәтижесінде  құрылған  серіктестіктерде  аса  мән 
берілген шарттарының бірі – табыс пен зиянға бірдей 
ортақтасу  мәселесі.  Әрбір  үлескер  өз  үлесіне  қарай 
табыс немесе зиянға ұшырағанда да өз үлесін алуы тиіс. 
Үлескерлердің  кез  келген    біреуінің  компания  табыс 
тапса  да,  таппаса  да  тұрақты  түсім  көруі  Исламның 
сауда  қағидаларына  мүлдем  қайшы.  Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)  ауыл  шаруашылығы  саласында  құрылған 
серіктестіктің  келісім-шарты  жасалуы  барысында 
үлескерлердің біреуінің егін алқабынан түсетін өнімнің 
тең  жартысына  жуық  тұрақты  бөлігін  өз  үлесінің 
табысы  ретінде  бекітіп  жасаған  келісімді  жасауына 
тыйым салғандығы белгілі. Өйткені, мұндай тұрақты 
табысты  белгілеп  бекіту  басқа  үлескерлердің  зиянға 
ұшырауына да алып келуі мүмкін. Алайда қазіргі таңда 
серіктестіктер заңды түрде құрылады және бұлар заңды 
тұлғалар болып саналады. осы серіктестіктерде (ком-
пания, фирма) үлесі бар, басқарушы немесе қызметкер 
болып істейтін жандардың осы компаниядан тұрақты 
түрде  жалақы  алуларына  діни  тұрғыдан  ешқандай 
шектеу жоқ. Компаниялардың акционері болып табыл-
майтын,  жалдамалы  жұмыс  істейтін  қызметкерлері 
мен  жұмысшылары  тапқан  табыстың  негізінде  емес, 
істеген қызметтері үшін ғана жалақы алады.  


181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет