Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы харам кіріс көздері Заңсыз (діни тұрғыдан тыйым салынған) табыс
және кіріс көздері де көптеп кездеседі. Енді осыларға
тоқталайық.
Пайыз Құран Кәрім пайызға тыйым салған және
пайыз жеушінің халін былайша сипаттаған: «Пайыз жейтіндер махшарда шайтан соққан адам секілді қайта тіріледі. Бұл олардың: «сауда-саттық та пайыз секілді ғой» дегендіктерінен. Ал бірақ Аллаһ сауда-саттықты халал, пайызды харам қылды. Кімде- кім Раббынан насихат келгеннен кейін пайыздан бас тартса, бұрынғы тапқандары өзіне қалады. Және оның ісі Аллаһқа тапсырылады. Ал кімде-кім пайызшылыққа қайтар (оралар) болса, мінекей солар тозақтық болып табылады. Олар сонда мәңгілік қалатын болады. Аллаһ пайызды кемітеді (құтын қашырады), садақаны берекеттендіреді. Аллаһ ешбір надан (сабақ алмай- тын) күнәһарды жақсы көрмейді» 149
. Пайыз жегендер ақиретте жазаға тартылады. олар
дүниеде шалқып өмір сүрген секілді көрінгенмен
негізінде өмірлері жайсыздықтар мен уайымға толы
өтеді.
жаратушы иеміз иман еткендерге пайыздан бас
тартуларын бұйырған. Егер осы бұйрыққа мойынсұнып
пайыздан бас тартпаған жағдайда бұл ең надан әрекет
болып, Аллаһқа қарсы соғыс жариялау мағынасына
да келеді. Бұл жайлы Құранда: «Ей, иман еткендер! Аллаһтан қорқыңдар. Егер сенім иесі болсаңдар, пай- 149
«Бақара» сүресі, 2/275-276