Исламдағы тазалық
ыздан артта қалғанынан бас тартыңдар. Бұлай
жасамасаңдар, мұның Аллаһқа және пайғамбарына
қарсы жарияланған соғыс болатынын біліңдер. Егер
тәуба етсеңдер, мал-мүліктерің өздеріңдікі (болады).
Сонда әділетсіздік жасамаған боласыңдар және
әділетсіздікке де душар болмайсыңдар»
150
, – делінген.
Негізінде харам етілгеніне қарамастан христи-
андар мен еврейлер қасиетті кітаптарында пайызды
халал қылып өзгертіп алған. Пайыздың харам болуы-
на қатысты негізгі себептер мен хикметтерге қатысты
көптеген еңбектер жазылған. Енді осыларға қысқаша
тоқтала кетейік;
Пайыздық өсіммен қарыз беретіндерде жиналған
6
капитал тұтынушының (капиталы жоқ жұмысшы,
еңбекші, қызметкер, кедей-кепшік, т.б.) қалтасынан
алынатындығы үшін байлар байыған сайын кедей-
лер кедейлене түседі.
Пайызға негізделген капиталистік жүйелерде
6
байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік
теңсіздіктің тамыры тереңдеген сайын мұның
ақыры әлеуметтік дағдарыстарға, бұқаралық
толқуларға, төңкерістер мен анархияға ұрындыруы
мүмкін.
Өсімі жоқ қарыз беру адамдар арасында
6
мейірімділікті нығайтып, қоғамның біртұтастығын
қамтамасыз етсе, ал пайыз қоғамдағы әлеуметтік
топтар арасындағы өшпенділікті асқындыра
түседі.
Пайыз қоғамда еңбек етпейтін, тек қана өсімнен
6
түскен ақшаны жеумен және қоғамға масыл өмір
150
«Бақара» сүресі, 278-279
183
Достарыңызбен бөлісу: |