189
Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы
Харам жолмен табыс табудың нәтижесі
Аллаһ елшісі:
«Аллаһ тағала жамандықты
жамандықпен қайтармайды»
161
, – деу арқылы біздерге
үлкен бір ақиқатқа жөн сілтеуде. Ерекше мейірімді
Аллаһ тағала жамандықтың орнын жақсы нәрсемен тол-
тырады. Сондықтан болар, қандай да бір жан Исламның
тыйым салған жолдарынан тапқан қаржысын ең
қайырлы бір қызметке жұмсаса да, жасаған күнәсінің
есесін қайтарған болып есептелмейді. Қайта күнә
үстіне күнә жүктеп алуы мүмкін. Өйткені, тап-таза бір
саланы да өзінің лас табысымен кірлеткен болады емес
пе?
Адамның асқазанына түсетін бір түйір харам
зат оның қырық күндік намазының нұқсан болуына
жеткілікті. Мұның өзі қандай өкініш. Тұла бойының
әрбір түкпірін хараммен толтырған адамдардан
құралған қоғам Аллаһ тағаланың рақымына бөлене
алмайды. Қоғам, ондағы өмір сүріп жатқан адам-
дар өз-өзін өзгертпейінше, Аллаһ тағала да оларды
өзгертпейді
162
. Аллаһ тағала қараптан-қарап таза
қоғамды құлдыратпайды немесе құлдырап біткен
қоғамды тазартпайды.
Кісі ақысы да өте маңызды. Аллаһ елшісі кісі
ақысын жеген адамның жаназа намазын оқымаған.
Өйткені, кісі ақысымен кеткен жанның артынан дұға
жасалуын да лайық көрмеген.
Кісі ақысы қалай және қандай жолмен болса да
біреудің мойнына жүктелсе, ол жанның құрдымға
кетуіне себеп болады. Ақиретте кісі ақысымен
161
Бухари, Буйю 50; Тәфсір, Фәтх 3.
162
«рағыд» сүресі, 13/11.