Исламдағы тазалық Харам нәрселерді сату туралы Харам нәрселерді сату да – харам. Аллаһ тағала
және ардақты елші (с.а.с.) алкогольдік ішімдік,
бауыздалмаған немесе арам өлген малды, доңыз және
пұт тастарды сатуды харам еткен. осыған қатысты бір
хадисте: «Аллаһ бір нәрсені харам қылса, оның құнын да харам қылады» 154
, – делінген.
Бағамен ойнау Ислам дініндегі сауда-саттық жүйесінде келісім
мен нарық еркіндігі негізгі заңдылық болып табылады.
Дегенмен, бұл еркіндіктің де шектелетін тұстары бар.
Мұны шектейтін негізгі құрылым – қоғамдық мүдде.
Нарықтағы бағаның әдейі жасанды түрде артуына
себеп болғандарға қатысты Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Қымбаттату үшін мұсылмандардың нарығына ара- ласқан (бағамен ойнаған) жанды қиямет күнінде отқа тастауды Аллаһ тағала уәде еткен» 155
, – деген.
Өндірістің аз, ал тұтынудың көп болатындығы секілді
түсінікті жағдайлардан басқа реттерде бағаның артуы
жасанды нарықтық спекуляциялар арқылы ғана жүреді.
Төменде осы тақырыпқа байланысты жеке тоқталып
өтеміз.