Исламдағы тазалық қалыптан артық тұтыну – артық шығын болып
есептеледі. Сондай-ақ мұның бәрі ысырапшылдыққа
жол ашқандықтан қатаң түрде тыйым салынған. Себебі,
мұндай іс-әрекет адам жүрегін Аллаһ тағаладан алыста-
тып, өзге адамдарға деген жанашырлық пен мейірімін
жояды. Қажетсіз, тым артық шығындар – осы дүниеде
көмекке мұқтаж жандардың қажеттіліктерін өтеудің
орнына Аллаһтың берген дүние-мүлкін жеке басы мен
қу құлқыны үшін жұмсау болып табылады.
Адам күнделікті өмірде ысырап жасамауға жіті мән
беруі қажет. Халал нәрселердің өзін жөн-жосықсыз,
артық тұтыну ысырап болып саналады. Дәулеттілік –
пәни өмірдің бір сынағы екендігін де ұмытпаған жөн.
Тұтынуда негізгі өлшем қажеттілікті ғана қамтамасыз
ету. Тағы бір ескерте кетерлігі, ысырапқа негізделген
тұтынушылықты жарнамалау да ислам дінінің тыйым
шеңберіне кіреді
165
.
165
Ислама гириш, Диянет Ишлери Башканлығы, 165.