Исламдағы тазалық
жауапқа тартылмай ма? Бұрын жасаған қызметтері
қаперге алынбастан әлгі мемлекет тарапынан жазалан-
дырылмай ма? Дәл осы секілді бүкіл ғаламның
жаратушысын мойындамаған пенде де қанша жерден
отанға, халыққа қызмет атқарғанын алға тартса да,
бәрібір ақиретте жазасын тартады. Демек, жақсылық-
тың екі дүниеде де бағалануы үшін жүрек күпірден
тазаруы тиіс.
Аллаһ тағала Дәуіт пайғамбарға (а.с.): «ол орынды
мен үшін (тазалап) босат, мен сол үйге кірейін» деген
екен. Яғни жүректі меңзеген. Демек, Аллаһтың мекені
болып табылатын жүрек аса бір пәк, таза қалпын
сақтауы тиіс. Мұншалықты пәктікті халық арасында
Хақпен бірге бола алатын, қайнаған халықтың
ортасында әрқашан жүрегі Аллаһ деп соғатын жандар
ғана жүзеге асыра алмақ.
жоғарыда да айтып өткеніміздей, жүректі бірден
бір кірлететін нәрсе ол күнә. Ардақты пайғамбарымыз
бұл турасында: «Адам бір күнә істегенде жүректе
қара дақ пайда болады, алайда әлгі адам өкініп, тәуба
жасаса, жүрек қайта жарқырайды»
166
, – деген.
Хадистің түпкі мағынасына бойласақ, «сәлим»
яғни таза жүрек тек күнәлардан арылған жандарда
ғана болатындығын көрсетеді. Шындығында әкенің
тілін алмаған баланы «тәрбиесіз» деп сөгіп жата-
мыз, ал жаратушының әмірін орындамай, жүрегін
ластықтардан тазаламай жүрген пенделерге не
дейміз?!
166
Бәйхаки, Шуабул-иман, 5/441, Дарул-Кутубил Илмиие, Бейрут,
1410
197
Достарыңызбен бөлісу: |