Исламдағы тазалық
болып табылады. ол туралы Құранда: «Әмір етілгендей
тура бол!»
171
, – делінген.
сенімділік
Мүмин ел ішінде сенімді кісі болуы тиіс. Ардақты
пайғамбарымыз Меккеде «әл- Әмин» яғни сенімді деп
аталғаны белгілі. Аманатқа қиянат жасамау, сөзінде
тұру, уәдесіне берік болу секілді қасиеттер сенімді-
ліктің нышаны болса керек.
Бұхари мен Мүслимнен жеткен бір хадисте ардақты
пайғамбарымыз: «Мұнафықтың үш белгісі бар: өтірік
сөйлейді, уәдесінде тұрмайды және аманатқа қиянат
жасайды»
172
, – деп мұндай нашар қылықтардан аулақ
болу керектігін ескерткен.
үнемшілдік
Үнемдеу берекетті өмір сүруге жол ашса,
ысырапқорлық берекесіздікке бастайды. Тұрмыста
қажеттен тыс ішіп-жеу, қолдағы дүниені рәсуа ету,
орынсыз ақша шашу ысырапқорлыққа жатады. Ислам
дінінде ысырап харам етілген. ысырапқорлық жеке
адамға да, тұтас қоғамға да жақсылық әкелмейді.
Сондықтан да Құранда: «Аллаһ ысырапшылдарды
сүймейді»
173
, – делінген. Бір ескерте кетерлігі, адам
қатты үнемдеймін деп жүріп сараң болып кетпеуі керек.
Әрқашан арадағы тепе-теңдікті сақтай білгені жөн.
171
«Хұд» сүресі 11/112.
172
Таңдамалы сахих хадистер, 1-том, араб тілінен қазақшаға
аударғандар: Абдусамад Махат, жалғас Сандыбаев, Алматы,
2006, 107-б.
173
«Әнғам» сүресі 6/141.
201
Достарыңызбен бөлісу: |