Исламдағы тазалық
Үшінші күні мешіттегі жамағат тарағанда, сахаба
Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (р.а.) әлгі кісіге жолығып:
«Мен әкеммен жанжалдасып қалып, үш күн бойы
жанына бармайтындығыма ант еттім. Сол себепті мені
үш күн үйіңде қонақ ете аласың ба?», – деді. Әлгі кісі
мақұлдаған кейіп танытты.
Абдуллаһ осыдан кейінгі оқиғаны былай деп баян-
дады:
«Әлгі кісінің үйінде үш күн түнедім. Түнде бір рет
те болсын тәхәжжуд намазына тұрған жоқ. Таң нама-
зына дейін ұйықтайтын. Төсегінде ары-бері аунағанда
ғана Аллаһты еске алып, тәкбір айтып қоятын. Бірақ
аузынан жаман сөз шыққанын естімедім. Үш түн
біткесін: «Әкеммен арамда қандай да бір реніш жоқ
болатын, Аллаһ елшісі мәжілісте үш күн бойы «қазір
жаннаттық бір кісіні көресіздер» деген сайын арамызға
сен келіп қосылдың. Мен саған әдейі қонақ болып,
жасаған амалдарыңды көріп, сол амалдарды жасағым
келген еді. Шынын айтсам, соншалықты көп ғибадат
жасағаныңды байқамадым. Аллаһ елшісі сүйіншілеген
бұл мәртебеге қалай жеттің?», – деп сұрадым. ол
болса: «Өзің көргеннен басқа құлшылығым жоқ», – деп
жауап қатты. Сөйтіп қоштасып бұрылып кете берген-
де сәл кідірді де: «расын айтсам, көргендеріңнен артық
асып бара жатқан ешқандай ғибадатым жоқ. Дегенмен,
жүрегімде ешбір мұсылманды көре алмау ниеті болған
емес. Өмір бойы ешкімге кек сақтамадым, қызғанбадым
да», – деді. Мен сонда ғана істің мәнін аңғарып: «Сірә,
сені әлгіндей мәртебеге жеткізген осы қасиетің болар»,
– дедім»
181
.
181
Кандыхләуи, Хаятус-сахаба, 2/164
209
Достарыңызбен бөлісу: |