207
Рухани тазалық
жүрек осы жаман қасиеттерден арылғанда ғана
тазалыққа жетеді. Ал нағыз тазалық осы жағымсыз
қасиеттерден толық арылғанда да өзін тазамын деп
есептемеу.
жүректі жаман қасиеттерден арылтуда бойға
көркем мінезді сіңіре білудің орны ерекше. Көркем
мінез деген не? Көркем мінез – берік иман мен тәуба,
күнәға деген өкініш, ұяттылық, сабырлылық, тақуалық,
сөзінде тұру, аманатқа қиянат жасамау, опасыздыққа
бармау, көрші ақысына көңіл бөлу, жомартмінезділік,
сәлемдесуді насихаттау, амалды таза ниетпен орындау,
пәни дүниеге алданбау, ақыреттегі есеп беруден қорқу.
Бұған қоса, кішіпейіл болу, ешкімді жәбірлемеу,
қиыншылықтарға сабыр ету, үнемі Аллаһтың көріп
тұрғанын ұмытпау, нәпсіні тыю, үміт пен үрей арасын-
да өмір сүру, жомарттық, кешірімділік, сүйіспеншілік,
көмектескіштік, өзінен гөрі өзгелердің бақытын артық
көру, жақсылыққа үндеу, әрдайым өлімді қаперде ұстау,
әдептілік, абыройлы өмір сүру т.б.
Достарыңызбен бөлісу: