«жаннаттық адам» Әнәс ибн Маликтің (р.а.) әңгімесі:
«Бір күні пайғамбарымыздың құзырында отырған
болатынбыз. Кенет ардақты елші: «Қазір араларыңызға
жаннаттық бір кісі келеді», – деді. Сол-ақ екен әнсардан
бір адам ішке енді. Әлгі адамның сақалынан су там-
шылап тұрған болатын. Аяқкиімін сол қолына ұста-
ған екен. Келесі күні Аллаһ елшісі осы сөзін тағы
да қайталады. Әлгі адам дәл кешегі кейіпте тағы да
арамызға келіп қосылды. Үшінші күні де айтып ауыз
жиғанша, сол кісінің төбесі көрінді.