жүрек тазалығы үшін қандай жаман қасиеттерден арылу қажет? жүректің таза болуы жаман дағдылар мен қасиет-
терден арылуға байланысты. Бұл жаман қасиеттерге
мыналар жатады:
Қызғаныш; Басқаға бұйырған жақсылықты көре
6
алмау, іштарлық жасау.
ызақорлық; дұшпандық, кекшілдікке салыну. Бұл
6
мінез қызғаныш пен өкпешілдікті қоздырады.
Тәкаппарлық; Адамның өзін басқалардан жоғары
6
санауынан туындаған менменшілдік қасиеті.
Өз-өзіне тәнті болу, сүйсіну; Кісінің өзіне көңіл
6
тоқтығынан туындайтын өзін-өзі асқақ санау
сезімі.
Сараңдық; Ешкімге ештеңе бергісі келмейтін
6
дүниеқоңыздық.
Екіжүзділік; Сырты бүтін болғанмен іші түтін
6
келетін жағымсыз мінез.
Атақ-даңқ, мансапқұмарлық; Бұл – Хақ жолында
6
аяққа тұсау болатын жаман мінездің бірі. Әрине,
Аллаһ тағала өз дінінің кемелденуі үшін атақ пен
даңққа бөлеген жандардың жөні басқа.
Мақтанқұмарлық; Ата-бабасымен, тегімен көпіріп
6
мақтану. Бұл тыйым салынған жаман қасиет
болып табылады.
180
Бухари, Әдәб 12.