Исламдағы тазалық
десеңіз, шайтан о баста тәкаппарлығы үшін Аллаһқа
қарсы келіп, қарғысқа ұшыраған болатын. Пәни
дүниеде өткінші атақ-даңқ, билік, байлық, ғылыммен
тәкаппарланудың соңы адам баласын ешқашан жақ-
сылыққа апармаған. Ардақты пайғамбарымыз: «Ұлы
Аллаһ кішіпейіл болғанды көтереді (мерейін үстем
қылады), тәкаппардың сағын сындырады»
176
, – деген.
Тәуекел
Тәуекел – Аллаһқа сенуді, арқа сүйеуді, қандай
істің тек қана жаратушының көмегімен болатындығын
қаперде ұстауды білдіреді. Тәуекел ете алмайтын
мүминде нұқсандық бар деген сөз. Аллаһ тағала ғаламға
себеп-салдар негізінде детерминистік жүйе орнатқан.
Алайда Аллаһ қаласа себепті жасап, салдарды болдыр-
мауына да құдіреті жетеді. Дегенмен, осынау себеп-
салдар заңдылығына мүлтіксіз бағына отырып мүмин,
істерінің баршасында Аллаһтың қайырлы нәтижесіне
тәуекел етіп, бел байлайды.
Түйесінің тұсауы босап кеткенде Амр ибн Умәй
атты сахаба «Ештеңе етпес, Аллаһқа тәуекел еттім»,
– деген екен. оны естігенде Пайғамбарымыз: «Сен
әуелі тұсауын байла, сосын Аллаһқа тапсыр, тәуекел
ет»
177
, – деген.
Табандылық
Табандылық – табысқа жетудің алғышарты. ол
уәдесінде тұруды, қолға алған ісін мойымай соңына
176
әт-Тәбәрани, әл-Мужәмул-әусат, 5/140; әл-Хәйсами, Мәжмәуз-
зәуәйд 10/325; осыған ұқсас хадистер үшіні қараңыз: Ахмәд
ибн Хәнбәл, Мүснәд 3/76; Ибн Әби Асим, Кибаүз-зүхд 156.
177
Тирмизи, Сыфатул-кыйамә 60; Ибн Хиббан, әс-Сахих 2/510.
203
Рухани тазалық
дейін жеткізе білуді білдіреді. Қайырлы және пайдалы
істерде табандылық көрсету таптырмайтын қасиет. Ал
пайдасыз, бос істерде табандылық көрсету – қыңырлық
пен қырсықтықты білдіреді.
жомарттық
жомарттық – Аллаһ сүйген мінездің бірі. Әрдайым
қолы ашық болу, мұң-мұқтаждарға қарасу, жақсылық
жасауға дайын тұрудың Исламда алар орны ерекше.
жомарттыққа шақыратын бірқатар аят-хадистер бар.
Сондай хадистердің бірінде ардақты пайғамбарымыз
(с.а.с.): «Жо март – Аллаһқа, жаннатқа және халыққа
жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Аллаһтан,
жаннаттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға
жақын»
178
, – деген.
хүснүзан
Хүснүзан – барлық нәрсенің тек жақсы жағын көре
білуді, мүминдердің кемшіліктері мен қателеріне көз
жұма отырып, олар туралы үнемі жақсы ойда болуды
білдіреді. «Суизан» керісінше үнемі әр нәрсенің тек
жаман жағын көру, мұсылмандар туралы жаман ойлау-
ды ұқтырады. Басқа мүминнің кемшілік, күнәларын
есте сақтап, ұмытпай жаман ойда болу жақсы қасиет
болып есептелмейді.
хақ
Хақ – Аллаһ тағаланың қасиетті есімдерінің бірі.
Тура және өзгертілуі мүмкін емес әрбір жай хақ бола
отырып, қазақшадағы құқық сөзінің де мағынасын
178
Тирмизи, Бирр, 40
204
Достарыңызбен бөлісу: |