Исламдағы тазалық
мүшелерінен танимын, сіздер маңдайы қасқа, аяғы ала
сәйгүліктеріңізді үйір-үйір жылқының арасынан қалай
ажырата алсаңыздар, мен де үмбетімді басқалардан
солай ажырата аламын», – деп түсіндірген. Демек,
«Олардың жүздерінде сәжденің ізі бар»
167
деп Құранда
айтылғандай, мұсылман үмбеті ақыретте маңдайдағы
сәжде ізінен және дәрет алып тазаланған ағзаларынан
танылмақ.
Иманды болу – иманның талаптарын орындау
арқылы ажарлана түспек. Ал иманның талаптары –
діни міндеттер мен жауапкершіліктерден құралады.
Өз кезегінде діни міндеттердің барлығы да адамды
іштей әрі сырттай тазалауға негізделген. Айталық,
дәрет алмастан намаз оқылмайды. Намаз адамды түрлі
арсыздықтар мен жамандықтардан тыяды. оразаның
арқасында нәпсіні тыйып, құл екенімізді сезініп, жа-
нымыз бен тәнімізді жаман әдеттерден қорғаймыз.
Зекет адамның мал-мүлкін кірден тазартады. Қажылық
ғибадаты болса адамдағы менменшілдік, тәкаппарлық,
өзін басқалардан үстем көрушілік секілді сырқаттардан
арылтып, оны анасынан туғандай пәк етеді. осындай
ғибадаттарды орындамаған адамның жүрегінің таза
екенін айту қиын. Ендеше, жүрек тазалығының ең
айқын белгісі, адам баласының өзіне парыз етілген
ғибадаттарды мүлтіксіз орындауы болып табылады.
Тақуалық
Тақуалық – Құдайдан қорқу, харамнан және
күдікті нәрселерден аулақ болу дегенді білдіреді. Ал
тақуалыққа қол жеткізген жанды «тақуа» (мұттақи)
167
«Фәтх» сүресі, 48/29
199
Рухани тазалық
деп атайды. Тақуа кісілер сенімді әрі аманатқа берік
қасиетімен ерекшеленеді. ондай кісілер ешкімге
зиянын тигізбейді. Ислам дінінде барша адам тең
саналғанмен, артықшылық тақуалықта деп көрсетілген.
оған Құрандағы мына аят дәлел: «Күдіксіз, Аллаһ
алдында сендердің – ең ардақтыларың ең тақуа
болғандарың!»
168
.
ықылас
ықылас дегеніміз, әрбір амалды тек қана Аллаһ
разылығын көздеп жасау, ісіне ешқандай дүниелік
немесе пендешілік пиғыл араластырмау болып та-
былады. жасалған әрбір амалдың қадірі-қасиеті
ықыласқа қарай өлшенбек. осыған қатысты ардақты
пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аз ғибадат жасасаңдар да
ықыласпен жасаңдар!»
169
, «Амал жасағанда әрдайым
ықыласты болыңдар, өйткені, Аллаһ ықыласпен
жасалғандарын ғана қабыл етеді»
170
, – деген.
әдептілік
Әдептілік – жақсы тәрбие алу, бойға жақсы
қасиеттер сіңіру, арлы-ұятты болумен ерекшеленеді.
Әдептілік – адам баласының рухани қорғанышы. ол
адамды нәпсінің жетегінде кетуден қорғайды. Әдептен
жұрдай адам қоғам үшін аса қатерлі.
Туралық
Туралық дегеніміз, өмірде шындық пен әділдіктен
айырылмау, әр ісінде дін мен ақылды басшылыққа алу
168
«Хужурат» сүресі 49/13.
169
Мүнауи, Фәйзул-қадир 1/216.
170
Мүнауи, Фәйзул-қадир 1/217.
200
Достарыңызбен бөлісу: |