Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет208/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Бесінші ТАрАУ 
рУхАни ТАзАлыҚ


194
жүрек ТАзАлығы
Ислам  дінінде  тән  тазалығымен  қатар  жан 
тазалығына да қатты көңіл бөлінген. жан тазалығына 
рухани кірлерден арылу, нашар дағдылардан тыйылу, 
мінез-құлықты  жақсарту,  адамгершілік  қасиеттерді 
арттыру, жүректі таза ұстау жатқызылған. 
жүрек  тазалығы  Құранда  «қалбун  сәлим»  деген 
сөзбен  берілген.  «Сәлим»  мен  «ислам»  сөздері  бір 
түбірден  тарайды.  «Қалбун  сәлим»  –  бүлінбеген, 
сырқаты  жоқ,  күнәмен  кірленбеген  немесе  тәубамен 
тазарған  кіршіксіз  жүрек  дегенді  білдіреді.  Исламға 
ағынан ақтарылған жүрек ретінде де сипатталады. 
Адамның ең аяулы жері жүрек болса, сол жүректі 
кірлететін нәрсе ол – күнә. Әрбір күнә келесі бір күнәға 
жетелейді.  Яғни,  істелген  әрбір  күнә  тізбектелген 
домино  тастары  секілді  бір-бірін  қуалайды.  осы-
лайша  жүректі  кір  шалады.  Аяттар  мен  хадистер-
де  ұшырасатын  «рәйн»  сөзі,  жүректің  тот  басып, 
күнәлармен  кірленуін  білдіреді.  Күнәларды  тәубе 
ету  арқылы  жуып-шайып  тазаламаса,  жүректегі  кір 
молайған сайын ондағы рухани жалын сөнеді.  
жүректі  кіршіксіз  күйге  жеткізу  Құран  жолымен 
жүруді керек етеді. Құрандағы міндеттерді бұлжытпай 
орындау  жүрек  нұрын  арттыра  түседі.  Кезінде  Айша 
(р.а.)  анамыздан:  «Пайғамбарымыздың  мінез-құлқы 
қандай еді?», – деп сұрағанда, «Сіздер құран оқисыздар 
ма өзі?», – дейтін. «оқимыз», – деген жауап алған сәтте, 


195
Рухани тазалық
«оның мінез-құлқы тұнып тұрған  Құран болатын», – 
деп жауап беруші еді. 
жүрек  тазалығы  зиянды  істерден  арылуды  да 
білдіреді.  Тіршілігінде  ешкімнің  ала  жібін  аттамау, 
жан  адамға  жамандық  жасамау  –  мұсылмандықтың 
белгісі. Өйткені, бір хадисте: «Мұсылман – басқаларға 
қолымен де, тілімен де зиян тигізбейтін жан», – деп 
сипатталған.  Бұл  –  өте  үлкен  жауапкершілік.  Тілден 
келетін жамандықтан өсек, өтірік, ғайбат, шағыстыру 
т.б.  болса,  қолдан  келетін  жамандықтар  өз  алдына 
бір  төбе.  Сол  себепті  қол  мен  тілге  абай  болуға 
шақыру арқылы мұсылман адамға жүректі таза ұстау 
міндеттелген. 
жүрек тазалығы бойды күпірліктен, ойды күдік пен 
күмәннен, ширктен (Аллаһқа серік қосудан) арылтуды 
қажет  етеді.  Бойын  күпірлік  билеген  жан  қаншалық-
ты  гуманистік  әрекеттер  жасаса  да  «қалбун-сәлим» 
немесе  кіршіксіз  жүрек  иесі  бола  алмайды.  Қазіргі 
таңда «Менің жүрегім таза, өйткені халыққа жасаған 
жақсылығым  көп»,  –  дейтіндер  кездессе  де,  Құдай 
тағалаға  сенбейтін  адамның  жүрегін  таза  деу  қиын. 
Күпірлік дендеген жүрек ешқашан таза бола алмайды. 
Негізі  адамзаттық  құндылықтар  өте  маңызды  десек 
те, жүректе иман болмаса, елге жасаған жақсылықтар 
мен  ізгі  істердің  салмағы  мен  құны  болмайды.  Неге 
десеңіз,  Исламда  амал  жасалмаса  иманда,  имансыз 
жасалса амалда қайыр жоқ делінеді. осы екеуі бір бүтін 
құрамаған жағдайда «жүрегім таза» деу қиын.  
Мәселен,  бір  адам  отанына,  тіпті  адамзатқа 
пайдалы қызметтер жасаса, бірақ сол елдің қабылдаған 
заңдарына  бағынбаса,  мұндай  жан  дереу  ұсталып 


196


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет