Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет189/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

е) Зекет және садақа
Зекет Ислам дінінде толықтай сақтандыру жүйесі 
секілді  функция  атқаратын  құрылым  болып  табыла-
ды. Құран аятында былай делінген: «Зекет, Аллаһтан 
бір  парыз  ретінде  кедейлерге,  мұқтаждарға,  оны 
(зекет)  жинаушы  қызметкерлерге,  жүрегін  исламға 
жібіту  үшін  (арнайы)  жандарға  беріледі  және 
143
 Муатта, Акдиә 26, Тирмизи, Ахкам 38, Әбу Даууд, Хараж 37


177
Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы
құлдар, қарызданғандар, Аллаһ жолындағылар, жолда 
қалғандар  үшін  арналады  (жұмсалады)»
144
.  Мінекей 
зекет  осылайша  аятта  аталған  топтар  үшін  маңызды 
кіріс көзі болмақ. 
Мұнымен  қоса  зекет  –  жүректі  сараңдық  сыр-
қатынан  арылтатын,  бай  жандарда  мейірім  мен 
сүйіспеншілік  сезімін  оятатын  ғибадат  түрі.  Зекет 
арқылы  кедей  жандардың  жүрегіндегі  қызғаныш 
пен  ыза  жойылады.  Өздері  үшін  көмек  қолын  созған 
байларға  сүйіспеншілік  пен  құрметі  артып,  қоғамда 
бірлік  пен  бауырластық  сезімдері  күшейеді.  Зекет 
арқылы мал-мүлік «кірден» тазарады. 
Исламның заңды деп рұқсат берген кіріс пен табыс 
көздерін жоғарыда аталған сегіз саламен шектеп қоюға 
болмайды.  осы  саланың  өзін  бірнеше  тармақтарға 
бөле аламыз. Яғни, Исламда жоғарыда аталғандардан 
басқа  да  көптеген  табыс  көздері  бар.  Алайда  басқа 
жүйелердің заңды деп тапқан кіріс не табыс көздерінің 
кейбіреулері Исламда заңды болмайтын жағдайлар да 
кездеседі. Сондықтан болар Ислам діні бұл салада да 
ешқандай қайшылыққа жол берместей етіп өлшеммен 
жөн сілтеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет