Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы
халал (таза) кіріс көздері
а) Аң аулау
Бұл мәселеде қандай да бір шектеу жоқ. Яғни,
жерде, суда, аспанда болсын барлық жерден аң аулауға
болады. Құран бұл мәселені бірнеше аятта баяндай
келе мүминдер үшін аңшылық өлшемдерін берумен
қатар осыған ынталандырады.
ә) Кеніштер және жер асты байлықтары
«Рызықты жердің терең қатпарларында іздеңіз-
дер»
136
деген сөзге хадис тұрғысынан сын айтылса да,
ақиқатты баяндау тұрғысынан қолға алынуы қажет өте
маңызды мәселе. жер асты байлықтары қазіргі таңда
тек аты ғана белгілі қазба байлықтарынан тұрмайды.
Болашақта қандай жерлерден қандай қазба байлықтар
өндірілетіні, адамзат игілігіне берілетіні бір Құдайға
аян. Әсіресе, әр түрлі қазба жұмыстары нәтижесінде
табылатын қымбат бағалы заттар мен қазыналар да осы
байлықтардың аясына кіруі мүмкін. Міне, Исламның
пайдалы деп есептеген жер асты байлықтарының өзі
үлкен табыс көзі екен.
б) Сауда
Сауда-саттықты ынталандыратын хадистердің
көп екендігі белгілі.
«Өзгелерді алдамайтын, тура және сенімді
саудагер ақиретте пайғамбарлар, ізгілер және
шейіттермен бірге қайта тірілтіледі»
137
.
136
Мүнәуи, Фәйзуль-Қадир, 1/692-б.
137
Мүнәуи, Фәйзуль-Қадир, 3/366-б.; Ибн-Мәжә, Тижарат, 1
174
Достарыңызбен бөлісу: |