Исламдағы тазалық еңбекшілердің адал еңбегінің маңызын, сонымен қатар
қай дәуірде болмасын еңбек еткен адамға деген құрмет-
қошеметтің өлшемін көрсеткен.
ғ) Олжа Ислам дінінің адал деп есептеген табыс көздерінің
бірі – олжа. Белгілі бір кезеңдерде мұсылмандар олжа
арқылы үлкен байлыққа кенелген. Мәселен, омар
ибн Абдулазиз дәуірінде зекет алатын жан болмаған
деседі.
д) Икта «Икта» – мемлекет басшысы немесе оның өкілеттік
берген сенімді басқарушы қызметкерінің кейбір жер
алқаптарын мұқтаж жандарға беруі олардың меншіктік
құқыққа ие болуын қамтамасыз етуі. Әдетте мұндай
жер телімдері ешқандай мұрагері жоқ жандардан мем-
лекет меншігіне өту арқылы беріледі, яки бос жатқан
иесіз алқаптардан үлестірілетін болған.
«Кімде кім бос жатқан тың жерді игерсе, ол жер сол кісіге тиесілі» 143
деген хадис және осыған
ұқсас көптеген хадистер осы табыс көзінің адалдығын
меңзейді.