Исламдағы тазалық «Турашыл саудагер ешбір көлеңке болмай- тын сол күні (қиямет күні) Арштың көлеңкесінде тірілтіледі» 138
. «Рызықтың онда тоғыз бөлігі саудада» 139
. Бұл хадистерден көріп отырғанымыздай, Ислам
мүминдерді әрдайым сауда-саттыққа ынталандырып
отырған. Исламның өркендеп тұрған дәуірлерінде
сауда-саттық, мұсылмандардың дамып-өркендеуінің
ең маңызды құралдардың бірі болған. Сауда-саттық –
ең негізгі табыс көзі саналған.
в) Қолөнер Қолөнер де – маңызды табыс көздерінің бірі. Қол-
өнерімен жасалған барлық еңбектер Исламның негізгі
қағидаларынан ауытқымаған жағдайда осы салаға
кіреді. Кілем және тоқыма, қолдан жасалған әшекей
бұйымдары, түрлі оймалар бұлардың барлығы да
шеберлердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары
болғандықтан заңды табыс көзіне жатады.
г) Жұмыскерлік жұмыскерлік – қол еңбегі, маңдай терімен еңбек
етіп, жұмыс жасап табыс табу және т.б. осындай жол-
дармен келетін табыс.
жұмысшы болу – Аллаһ тағаланың құрметпен
атаған және Пайғамбарымыз (с.а.с.) ынталандырған
еңбек түрлерінің бірі. Бұл жайлы бір аятта былай
делінген: «Амал жасап (жұмыс) істеңдер. Аллаһ, 138
Бұл да сонда, 367-б.
139
Бұл да сонда, 322-б.