Исламдағы тазалық Батыста адамдар уақытының тым аз бөлігін үйден
және жұмыс орнынан тысқары жерлерде өткізеді, яғни
табиғат аясына көп шықпайды. Мұндай жағдайда
микробтың организмге ену ықтималы төмендейді.
Батыстықтардың астма және өзге де аллергиялық
ауруларға шалдығу қаупінің тым жоғары болу себебін
бәлкім осыдан іздегеніміз жөн шығар.
Қазіргі таңда адамды қоршаған ортадан толықтай
оқшаулаған, стерилді (зарарсыздандырылған) шамадан
тыс гигиеналық өмір салты бар. Дегенмен, адамның
иммундық жүйесі қоршаған ортамен қарым-қатынасқа
әбден мұқтаж. Біздер күнделікті тұрмыста бактериялар
мен вирустарға ұшыраспасақ, оларды жасанды жолмен
организмге егуге мәжбүр болуымыз мүмкін. Өйткені
гигиена талаптары денсаулығымызды біршама сақтаса
да ішінара пайдалы жақтарынан мақұрым қалдырады.
Сондықтан, автоиммунды және аллергиялық аурулар
пайда болады.
Адамның иммундық жүйесін қайта үйрету арқылы
астма, т.б. аллергиялық сырқат түрлеріне қарсы екпе
(вакцина) табу жолында жаңа зерттеулер жүргізілуде.
оксфорд университетінен Джулиан Хопкинс деген
ізденуші астмамен, аллергиялық тұмаумен ауыра-
тын қырық адамға микробактерия вакцинасын егіп,
бақылау жүргізуде. Егер гигиенашылардың дегені
дұрыс болып, сәтті шықса қолда бар вакциналарды
қайта қарау, сондай-ақ, көптеген жаңа вакциналар жасап
шығару қажеттігі туындайды. Мұндай жағдайда гиги-
ена тұрғысынан микробтарды қатаң бақылауға алған
батыстықтардың да бастапқы пікірлерін өзгертуге
мәжбүр болары анық.