Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет174/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Ас-судың тазалығы
Мәселен, тазалық ауруымен өз дәуірінің алдыңғы 
қатарлы  ғалымдарының  бірі  шейх  Әбу  Саид  деген 
кісі де ауырған. Бұл кісі ешкімге қолын ұстатпайтын, 
өзгелерге де қол тигізбейтін жан екен. Үйінде күндіз-
түні монша жағып, күніне тоғыз мәрте шомылған кө-
рінеді.  Уәзірі  Әбу  Саидтің  жайын  патшаға  жеткізгенде 
патша онымен жүздескісі келеді. Сонда  уәзір тұрып: 
«Тақсыр, ол келмейді, мұнда келсе сарай әдебі бойын-
ша  өзін  қолтықтан  сүйеуге,  оған  сіздің  құзырыңызда 
шашақты сүюі қажет болады. ол шейх бұлардың бірін 
де  істей  алмайды»,  –  депті.  Патша  Әбу  Саидті  көру 
үшін  қалыптасқан  қағидаларды  алып  тастайды.  осы-
лайша  сарайға  бас  сұққан  Әбу  Саидке:  «жастарды 
білім нәрімен сусындатқаныңыз үшін Аллаһ сізге разы 
болсын»,  –  дейді.  Дереу  уәзіріне  бұрылып:  «Шейхтің 
күндік жалақысы қанша?», – деп сұрайды уәзір: «жүз 
ақша», – деп жауап қатады. Сонда патша тұрып: «жүз 
ақша жетпейді. Менің атымнан сабын алуға жүз ақша 
тағы  қосыңыз,  біраз  жүрегіндегі  секемшілдік  мен 
күдікті жуып шайсын», – деген екен. Мынадай тауып 
айтылған  уәжден  тосылған  шейх  Әбу  Саид  тазалық 
турасындағы  шамадан  тыс  секемшілдігін  қойып 
кетіпті деседі.
Тазалықта  секемшіл  болудың  көңілді  ғибадаттан 
суытуға,  тәрк  етуге  апарып  соғатын  қаупі  де  бар. 
Адам  алған  бетінен  таймаса,  әу  бастан-ақ  мақсаты 
иманнан  бездіру  болған  шайтанның  өз  қуыршағына 
айналдыруы  оп-оңай.  олай  болса,  шектен  шығудың 
арты жақсылыққа соқпайтынын ескеріп, тазалықта да 
таразы басын тең ұстаған абзал. 


164


165


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет