Ас-судың тазалығы лондон гигиена және тропикалық медицина
мектебінің эпидемиологы Дэвид Страчанның айту-
ынша, әдетте үлкен отбасынан шыққан балаларда
аллергиялық тұмау, балалар экземасы, астма секілді
аурулар сирек кездескен. Дәрігер мұның себебін «ойын
балалары салдыр-салақ болып түрлі инфекцияларды
үйге әкеледі, сөйтіп кішкентай бауырларында имму-
нитет қалыптастырады», – деп түсіндіреді.
Чарлотсвайл Вирджиния университетінде қызмет
істейтін астма маманы Томас Платс Милстің айту-
ынша, Американың шалғай аудандарында балалар
жұқпалы аурулармен ерте жастан ауырады екен,
сондықтан осы өңірлерде астмамен ауырудың жоғары
қаупі байқалмаған.
Д. Страчанның пікірінше, белгілі жас аралығында
бастан кешкен инфекция адамда өсе келе пайда бола-
тын аллергиялық сезімталдықтың алдын алады.
Қазіргі таңда гигиена саласындағы ғалымдар ша-
мадан тыс тазалықтың адамның иммундық жүйесіне
тигізетін зардабын анықтау бағытында жұмыс істеуде.
Мамандардың ендігі мақсаты – адам денсаулығына
қандай гигиенаның зияны күштірек екенін анықтау.
Балалар арасындағы жұқпалы аурулар мәселенің
тек бір жағы ғана, мұның екінші жағын тіршілік ортасы
адам ағзасы болып табылатын микробтар құрайды.
лондон Университетінің қызметкері, бактериолог
Джон Стэнфорд Хук кірдің құрамында бактериялардың
ерекше түрлері өмір сүретіндігін және оның арамыздағы
ластау кісілерді астма, аллергиялық тұмау тағысын
тағы аурулардан қорғайтынын жазады.