Есеп 7
Темір өңдеу зауытына жұмысқа тұруға мынадай азаматтар өтініш
білдірді: 9 сынып бітірген 14 жасар жасөспірім, официер, бұрын колхозда
істеген қызметкер, жоғары оқу орнын бітіріп, инженер-технолог лауазымына
жіберілген жас маман. Олардың барлығы, бұған дейін жай жұмысшы болып
қызмет атқармаған.
Жоғарыда аталған тұлғалар жұмысқа қабылдану барысында қандай
құжаттар әкелуі тиіс.
Оларды жұмысқа қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?
Бірінші рет жұмысқа қабылданып отырған қызметкерге еңбек
кітапшасы қанша күнде толтырылуы тиіс, және ол қайда сақталуы тиіс.
Сонымен қатар, еңбек кітапшасында қандай мәліметтер жазылады?
|