Есеп 3
Төлеби атындағы мектеп интернатының тәрбиешісі Омарова, интернатқа
келіп түскен балаларға арналған төсек бұйымдары мен басқа да керек-жарақ
заттарды қабылдайды. Олардың бір бөлігін үйіне жеке пайдалануына алып
кетіп, сол әрекеті үшін жұмыстан шығарылады.
Сот отырысында талапкер Омарова, «ол төсек бұйымдарын ұрлау туралы
еш ой болған жоқ, тек оны пайдаланып, белгілі бір уақыттан кейін ол заттарды
орнына қоямын деп ойладым» деп жауап береді.
Жұмыс берішінің оны жұмыстан шығаруы заңды ма?
Есептің жауабын Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің
нормаларына негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |