Стратегияның жалпы мінездемесі
Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары
деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар.
Мысалы: стратегия – дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғары
деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет. Стратегиялық басқару
дегеніміз – ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару
барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы.
Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына
жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі
мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды
анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы. Стратегиялық басқаруға
өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың көңілін өз мүддесіне аудару және
онда болып жатқан үдерістерді реттеу. Қазіргі менеджментте стратегиялық
және тактикалық аспектілерін атауға болады. Стратегиялық мәселелерге
ұйымның мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары
мен қарсыластарын, өз артықшылықтарын анықтау жатады. Құжаттардың
айналу технологиясы, өнімді тұтынушылармен жүргізілетін әрекеттерді
тактикалық мәселелерге жатқызуға болады. Стратегиялық басқарудың
нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар
және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне
ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар
әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес
стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру
стратегиялары).
Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды:
фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың сыртқы
ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау; фирманың шаруашылық
аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған
фирманың портфелін талдау; оның ұйымдық құрылымын жобалау;
компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету;
стратегияны, құралымды және басқаруды жетілдіру. Ұйымдастыру
деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; стратегиялық қожалық
ету аймағының деңгейі; функционалдық деңгей: төменгі деңгейдегі
менеджмент (оперативтік стратегия). Стратегияның негізгі мәні – бизнесті
қоршаған ортаға бейімдеу. Тек осы жағдайға сәйкес болғанда ғана аман
қалып және әрі жақсы дамуына мүмкіндің болады. Стратегияны үдеріс
ретінде қарастыруға оның үш белгіленген сатылары дәлел болады:
стратегиялық талдау, стратегиялық таңдау, стратегия мен менеджменттің
іске асуы. Стратегиялық талдаудың негізгі мақсаты ақпарат жинау. Бұл
талдаудың ішкі және сыртқы екі кезеңі бар. Негізгі мақсаты талдаудың
күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізіледі.
Стратегиялық таңдау талдаудың нәтижелерін зерттеуден басталуы керек.
Стратегия мен менеджментті іске асыру стратегиялық талдау мен таңдауға
қарағанда әлдеқайда қиындау үдеріс.
Ең алдымен, ұзақ мерзiмдi перспективадағы кез келген кәсiпорынның
табысты қызметi дұрыс стратегия, бiлiктi басшылық, бағалы қорлар, өткiзу
нарықтарының бар болуынан, сонымен бiрге инвестициялық капиталға
рұқсаттың мүмкiндiктерiне тәуелдi болады. Қазақстан үшiн ағымдағы
мерзiмнiң өзектi мiндетi бұл – объективті факторлардан туындаған күрделі
саяси, экономикалық жағдайларда экономикалық дамудың тұрақтылығын
қамтамасыз ету. Стратегиялық басқару теориясында да, күнделікті
тәжірибеде де микродеңгей шешуші объект болады. Кәсіпорынды, жеке
өндіріс түрін, әрі қоғамның экономикалық бет- бейнесін жасайтын заттай-
материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті
қажеттілік болып табылады. Яғни басқарудың осы деңгейі барлық басқару
жүйесінің
басты
назарында
ұстайтын
объектісі
болуы
керек.
Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен
қатынастардың жиынтғын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың
ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін
құрайтын қоғамдық басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен
бірге қарастырылады. Айтылған мәселелер аясында кәсіпорынның дамун
қамтамасыз ететін стратегиялық басқару механизмдеріне ықпал ететін
анағұрлым тиімді іс-шараларды іздеу және негіздеу маңызды бола отырып
зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды. Стратегия гр. strategia -
әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің
қоғам
(кәсіпорын,
партия)
дамуының
нақты
кезеңінің
нақты
жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол
жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Стратегия кәсіпорынның (фирманың, компанияның, партияның, т.б.)
ұзақ кезең бойына алдына қойылған міндетгерін шешуді мақсат еткен ірі
ауқымды ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданылады.. Мұнда сыртқы
ортаның әсері және тұрлаусыздық, кездейсоқтык, тәуекел сияқты
факторлар ескеріледі. Операцияларды зерттеуде түйінді ұғымдардың бірі
болып табылады. Сондықтан стратегия әрбір кезеңде үдерістің барысы және
ортадағы өзгерістер туралы ақпарат алу негізінде шешімдер қабылдау
жүйесі ретінде ұғынылады. Операцияларды зертгеу міндеті, әдетте, белгілі
бір критерийдің негізінде ықтимал стратегиялардың қатарынан нақ
оңтайлысын тандаудан тұрады. Әлеуметтік басқаруға қатысты тұрғыда.
Стратегия дегенімі макроэкономика мен микроэкономика мүдделерін
ұштастыру негізінде міндетгер мен тетіктерді және оларды іске асыру
шарттарын белгілеу. Стратегияның аса маңызды сипаттамалары —
баламалы көзкарас және түзету жасау мүмкіндігі арым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi. 1-шi ашық-жабық қарым-
қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi
және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық
қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе
алмауы, қарым- қатынасқа түсуге талпынбауы. 2-шi Монологты стратегия. 3-
шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi). Іскерлік
стратегия. Қысқарту стратегиясына көбінесе компания әрекеттері нашарлай
бастағанда, экономикалық дағдарыста немесе ұйымды сақтап қалу үшін
жүгінеді. Барлық баламалардың үйлесу стратегиясын бірнеше салаларда
белсенді қызмет ететін ірі кәсіпорындар ұстанатын болады. Белгілі бір
стратегиялық баламаны таңдай отырып, басқарма нақты стратегияға назар
аударуы қажет. Басты мақсаты – ұйымның ұзақ мерзімді тиімділігін
максималды арттыратын стратегиялық баламаны таңдау. Ол үшін
жетекшілер кәсіпорынның барлық жағынан тұжырымдалған стратегиясына
ие болуы керек. Қандай да бір нақты стратегияны таңдау көбінесе болашақ
стратегияны шектейді, сондықтан қабылданатын шешім толық зерттеліп,
бағалануы керек. Стратегиялық таңдауға түрлі факторлар ықпал етеді:
тәуекел (кәсіпорының өмір сүру факторы); бұрыңғы стратегияларды білу;
стратегияны таңдау барысында басқару иілмелілігін шектейтін акция
иелерінің ықпалы; қажетті сәтті таңдаудан тәуелді болатын уақыт факторы.
Мәселелер бойынша шешім қабылдау түрлі бағыттар бойынша жүзеге
асырылуы мүмкін: «төменнен жоғарыға», «жоғарыдан төменге», жоғарыда
аталған екі бағытпен өзара байланыста (стратегия жоғарғы басқарма,
жоспарлы қызмет пен жедел басқару бөлімшелері арасында өзара әрекет ету
процесінде өңделеді). Кәсіпорын стратегиясын құру жалпы алғанда зор
мәнге ие болуда. Бұл шешілетін мәселелердің басымдылығына, фирма
құрылымын анықтауға, капитал салымдарының негізделуіне, стратегияны
координациялау мен интеграциялауға қатысты.
Функционалда стратегия.Стратегиялық басқарудың субъектілеріне
ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар
әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес
стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру
стратегиялары).
Неғұрлым
төменгі
функционалдық
деңгейлерде
стратегиялық шешімдерді қабылдау саласының таралуы компанияда
бизнеске қатысты мүлдем жаңа тәсілдеменің қалыптасуына және бизнес
саласында арнайы білімге ие адамдарды лауазымға тағайындау
мүмкіндіктеріне ықпал етеді. Функционалдық стратегияны өңдеу берілген
қызмет шеңберінде лайықты іс - әрекетті іздеуді білдіреді. Осылайша,
функционалдық стратегия функционалдық бөлімшенің мынадай бағдарына
негізделеді: әрбір қызметкер өз іс-әрекетінің логикалық жалғасы деп
түсінетін іскерлік стратегияны қалыптастыру. Осындай функционалдық
стратегияны өңдеу көптеген компанияларда «қол жеткізілмеген шың»
ретінде түсіндіріледі. Кадрлармен жұмыс және мәліметтерді электронды
өңдеу сияқты қызметтермен жалпы іскерлік стратегияның сәйкес келуі
белгілі қиындықтарға байланысты, ал өзге қызметтерге қатысты оны
жүзеге асыру (ақпараттық қамтамасыз ету, даму және маркетинг) біршама
оңайырақ. Жоспарлаудың кезеңдері. Жоспарлаудың бірінші кезеңі – сыртқы
ортаны талдау: - елдегі экономикалық және саясаттық жағдайлардың
(мемлекеттің экономикалық саясаты, саясатты тұрақтылық, мәдениетті
ерекшеліктер); - салалар (өсу екпіні, айналымдық, халықаралық іс-
қимылдар, қаржылық сипаттамалар); - нарықтың (коньюктура дамуының
өзгерулері
және
тенденциялары,
альтернативті
технологиялар,
бәсекелестер, сатылымдар әдістері, жарнама, бағалар); - сұраныстардың
(өзгерушілік,
қалыптастырушылық
созылушылық);
-
ресурстар
(орынбасушылық, бағалардың өзгеруі, қоршаған ортаға әсері).
Жоспарды жүзеге асырушылар мекемеге қатысты сыртқы факторларды
кәсіпорының мүмкіндіктерін және қауіп-қатерлерін анықтау үшін
бақылайды. Ол төнуі мүмкін қауіп- қатерлердің алдын алу үшін жоспар
құруға және төніп тұрған қауіпқатерді кез келген пайдалы мүмкіндіктерге
айналдыруға арналған стратегияны жүзеге асыру, ұйымның мүмкіндіктерін
болжау үшін уақыт береді. Бағаға қарағанда, стратегиялық жоспарлау
процесі бұл қауіп-қатерлердің және мүмкіндіктердің ролі Бақылауға
арналған сұрақтар: Стратегияның ұғымын қалай түсінесіз? Іскерлік
стратегия дегеніміз не? Функционалды стратегияларға анықтама? Тақырып
9. Коммуникативтік процесс Негізгі сұрақатар: Коммуникация туралы
түсінік. Коммуникация түрлері және негізгі рөлдері. Коммуникативтік
компоненттілік. Қарым- қатынастағы негізгі стратегиялар.
1.Коммуникация туралы түсінік. Коммуникация – латын тілінен
аударғанда, «қарым- қатынас орнату, байланыс жасау, бір-бірімен араласу»
деген мағына береді. Коммуникация қоғамның кез келген саласында
кездеседі. Тіпті мектепте мұғалім мен мен оқушының байланысқа түсуін де
осыған мысал етуге болады.ХХ ғасырда философтар коммуникацияны
қоғамдық дамуға әсер ететін бірден бір күш деп түсіндірді. Осының негізінде
ғылымда «әлеуметтік коммуникация» термині пайда болды. Коммуникация
ұғымы дами келе, білім, техника, саясат салаларында кеңінен қолданыла
бастады. Білім салаларындағы институттардың бір-бірімен қатынасы, екі
елдің дипломатия орнатып, саяси мәмілеге келуі де коммуникация
құрылымын кеңейте түсті.Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ара
қатынасы ұғымдық деңгейде күрделі бір сипатқа ие. Ол деңгей адамзат пен
қоғам арасындағы байланысты көрсетеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу
тілінің анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады.
Қарым-қатынас категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар
және тұлғалар) іс-әрекетімен байланысының мықтап орын алыуымен
түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің қызметінің, тәжірибесінің,
қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің нәтижесінің алмаса
қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы
қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба
категориялары болмаса қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған
байланысты қарым-қатынас жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – дистантілі. Бұл қарым-
қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар.
Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде
байланысады, сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонация арқылы
да түсінесе береді. Ал дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды,
олардың арасында белгілі бір кеңістік болуы мүмкін. Мәселен, телефон
арқылы байланыста адамдар бір уақытта сөйлескенімен, аралары алыс
болуымен ерекшеленеді. Сол сияқты хат, түрлі мәтіндер арқылы байланысу
да дистантілі қатынасқа жатады. Радиода, теледидарда, интернетте бұл
қатынас жүйелері алмасып қолданылады. Коммуникация туралы қысқа
мағынада түсiндiрсек, ол адамдардың бiрiккен iс-әрекет барысында өзара
қызығушылықтарымен, ойлары, көңiлкүйi, сезiмдерiмен алмасу фактi
ретiнде түсiндiрiледi. Мұның барлығын ақпарат ретiнде қарап,
коммуникация процесiн ақпарат алмасу процесi ретiнде түсiнуiмiз мүмкiн.
2.Коммуникация түрлері және негізгі рөлдері. Коммуникация мәнін түсінуде
келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет,
алмасу, біріктіру амалы. Әлеметтік- психологиялық феномен ретінде
коммуникация нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін
алуға болады.
Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады.
Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам
санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы
мүмкін. Қандайда бiр ақпараттар арнайы белгiлер арқылы бере аламыз,
нақтырақ айтқанда белгiлер жүйесi арқылы. Коммуникативтiк процесте
қолданылатын бiрнеше белгiлер жүйесi бар, соған сәйкес қылып
коммуникативтiк процестiң классификциясын құруға болады. Сөйлеу пайда
болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болады және
адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық
және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті.
Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін
анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді.
Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы – адам өзі сөйлеуге енгізетін
эмоционалды контекстке құрамымен байланысты; әсер сөйлеудің
басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің
әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның
ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма
және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады.
Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын белгілік жүйе.
Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың
дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анық.
Сөйлеудің маңызды факторы болып 4. Қарым- қатынастағы негізгі
стратегиялар. Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынастың типтері,
көріну формалары. Қарым-қатынастың негізгі қасиеттері, жалпы
заңдылықтары. Қарым-қатынас механизмдері. Қарым-қатынас стильдері
және
тәсілдері.
Қарым-қатынастың
коммуникациялық
жағының
сипаттамасы. Қарым-қатынастың перцепциялық жағының сипаттамасы.
Қарым-қатынастың
интеративтік
жағының
сипаттамасы.
Қарым-
қатынастың қызметтері. Императивтік қарым-қатынас, манипуляциялық
қарым-қатынас, диалогтық қарым-қатынас. Жеке адам және қарым-қатынас.
Қарым-қатынас мәдениеті. Коммуникабельдік. Қарым- қатынас түсе білу –
педагогтың жеке басының ерекшелігі. Қарым-қатынасқа қойылатын
талаптар. Қарым-қатынасқа түсе алу тренингі. Әлеуметтік- психологиялық
тренинг. Адамдар қатынасының жалпы сипаты. Қатынас және оның
функциялары: байланыстыру, прагматикалық қызметі; қалыптастыру,
дамыту қызметі; растау қызметі; тұлғааралық эмоциялық қатынастарды
ұйымдастыру мен тіректеу қызметі; тұлғаішіндік қызмет.Жеке адамдар
арасындағы
қатынастың
түрлері:
императивтік,
манипуляциялық,
диалогтық, рухани, іскерлік, формальдық-рөлдік қарым- қатынастар.
Қатынас тәсілдері: тіл, жест, мимика, пантомимика, интонация (сөз
ырғағы).
Қарым-қатынасқа
қатысты
ұғымдарға
сипаттама.
Коммуникабельді, коммуникативтік хабардарлық, коммуникация және т.б.
Қарым-қатынас стратегиялары және тактикалары. Қатынас формалары:
тікелей ортақтасу, жанама ортақтасу, тұлғааралық ортақтасу, бұқаралық
ортақтасу, персонаралық ортақтасу, рөлдік ортақтасу. Психология
ғылымындағы «қарым-қатынас» және «іс-әрекет» категорияларының
қатынасы. Қарым-қатынас мазмұны және құрылымы. Адамдардың қарым-
қатынас формаларының әртүрлілігі және олардың механизмдері.
Коммуникативтік процестің құрылысы. Коммуникацияның түрлері.
Коммуникацияның тәсілдері және шарттары. Коммуникацияның сөздік
және сөздік емес бөлшектері. Белгілердің паралингвистикалық және
экстралингвистикалық жүйелері. Ақпараттың кодефикациялануы. Қарым-
қатынас дағдыларының дамуын әлеуметтік психологиялық әдістермен
зерттеу. Адамдар арасындағы коммуникативтік процестің ерекшеліктері.
«Қозғалыс» барысындағы хабардың дамуы мен артуы коммуникативтік
процестегі серіктерінің белсенділік позициясы хабардың мағыналық
интерпретациясы, коммуникация түрлері. Тілдік тәртіптің құрылымы. Тілдік
қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын түсіну.
Тезаурус түсінігі. Коммуникативтік барьердің типі. Тілдік сана мәселесі және
жеке адамның өзіндік сана-сезімі. Тест әлеуметтік пәні ретінде: құрылу
заңдылықтары, қабылдау механизмі, интерпретациялық тәсіл. Тілдік
сереотип және тілдік этикет. Тілдік ережелердің орны. Вербалдық емес
коммуникация түсінігі. Вербалдық емес тәртіптің негізгі құрылымына
жалпы мінездеме (мимика, жест, поза, көзбен контактыға келу, жүріс-тұрыс)
коммуникативті процестің факторы ретінде. Қарым-қатынасты кеңістік,
уақыт барысында ұйымдастыру. Вербалдық емес коммуникативтік топтың
ішіндегі қатынасты және бір-біріне әсер етудегі ерекше көрсеткіш. Адам
индивидуалдылығының көпжақтылығы тек қана кәсіби іс-әрекетте емес,
басқа адамдармен қарым-қатынаста көрінеді — реалды, гипотетикалық,
күнделікті және конфликтілі.
К.Хорнидің ойынша, адам бала кезінен бастап басқа адамдарға деген
тұлғалық бағдарлар, 3 негізгі стратегия өндіріп, кейін оларды ұстанады: бұл
адамдарға бағытталған қозғалыс, онда басты болып басқалар жағынан
махаббат болып табылады, ал қалған мақсаттар оны ақтауға деген қалауға
бағыңқы болады; адамдарға қарсы бағытталған қозғалыс, онда “джунгли
философиясы” басымдық көрсетеді: өмір бұл тіршілік ету үшін тоқтамайтын
күрес,
соның
ішінде
басқа
адамдармен;
соңғысы,
адамдардан
қашу,тәуелсіздік пен қол сұғылмаушылық қажеттіліктерімен сипатталады,
күрестің әр түрлі көріністерінен бас тартады, бірақ бір сәтте адамның
бейімделуіне кедергі келтіреді Қазіргі кездегі әлеуметтік психологияда
өзара әрекеттесу стратегияларын көбінесе қарым- қатынасқа итермелейтін
мотивтерге сүйене отырып анықтайды, соның ішінде күнделікті
байланыстар ұйымында келесілерді бөліп көрсетеді: 1.Кооперация (жалпы
ұтысты максимизациялау мотивы) 2.Индивидуализм (өзіндік ұтысты
максимизациялау
мотивы)
3.Бәсекелестік
(ұтысқа
қатысты
максимизациялау
мотивы)
4.Альтруизм
(басқаның
ұтысын
максимизациялау мотивы) 5.Агрессия (басқаның ұтысын минимизациялау
мотивы) 6.Теңдік (ұтыстағы әр түрлілікті минимизациялау мотивы) Бұл
стратегиялар қарым-қатынастың бағытын бағыттайды және жуықтап оның
нәтижесін
көрсетеді;
қарым-қатынас
мақсаттары
үшін
оның
қатысушыларының мотивтері бірін-бірі толықтырып тұрса қолайлы
болады, ал индивидуализм мен агрессия стратегиялары қолайсыз болады
(4). Конфликт жағдайында оның қатысушыларының мотивтері әр түрлі
нәтижелерге
әкеп
соқтыратын
мінез-құлықтың
спецификалық
стратегияларын анықтайды. Бұл білім аумағында өзіндік және басқалардың
(ұжымдық) қызығушылықтарының ара қатынас шамасымен ерекшеленетін,
жарысу, ынтымақтастық,ымыра, қашу және бейімделу сияқты конфликтідегі
мінез- құлықтың 5 түрін бөліп көрсеткен К. Томастың классификациясы
неғұрлым танымал болып табылады (4). Конфликтіден қашқалақтау адам өз
жоғалтуларының бағасымен басқаның ұтысын минималдылыққа дейін
жеткізіп, конфликтіден қашуға ұмтылған жағдайда көрінеді. (“Ешкімнің де
қолына түспесін!” — бұл қашқалақтаушы адамның девизі). Қарсыласу-бұл
“арқанды тарту” стратегиясы, бұнда әрбір ұтыс жеткіліксіз болып көрінеді,
жеңістер көп болса да, қатысушылар жеңіске жетуден құмар болады.
Шегінімділік-партнердің мақсатқа жету үшін, кез келген талаптардан бас
тарту, бұл құрбандылықтың өз-өзін жоюшы стратегиясы.
Ынтымақтастық-бұл бәсекелестіктің мотивын немесе адамдардың
әлеуметтік мінез-құлқына сай кооперация мотивын жүзеге асыруға рұқсат
ететін стратегия. Ымыра (стратегиялық ұтыс үшін тактикалық шегінім)
неғұрлым өнімді стратегия болып табылады, өйткені жоғарыда атап
кеткендерден гөрі, конфликтке қатысушылардың жақсы көңіл-күйіне және
олардың ары қарайғы қатынастарынының жақсаруына әкеледі. Сонымен
қатар жүзеге асыруда ол ең қиыны болып табылады.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Коммуникация туралы түсінік?
Коммуникация түрлері және негізгі рөлдері?
Коммуникативтік компоненттілік дегенді қалай түсінесіз?
Қарым- қатынастағы негізгі стратегиялар ?
Достарыңызбен бөлісу: |