Әзірлік.
Ойыншылар шеңбер жасап тұрады.
Эр ойыншының
арақашықтыгы бірімен-біріне қол созым жэне бірінші, екінші
нөмірлерге есептелінеді. Бірінші нөмірлер - бір команда, екінші
нөмірлер - екінші команда құрайды. Қатар тұрған екі ойыншыны
команда капитандары етіп тағайындап, қолдарына бір-бір доптан
береді.
Ойынды баяндау.
Белгі бойынша капитандар допты дөңгелек бойымен, яғни
біреуі оңға, екіншісі солға өздерінің ең жакын ойыншысына
лактырады. Команда капитанына жеткенше доп айнала дөңгелек
бойымен
беріледі.
Допты
жылдам
дөңгелек
бойымен
айналдырған команда жеңімпаз болады.
Ережесі:
1. Допты міндетті түрде өзіне ец жақын түрган кісіге
береді. Егер ойыніиы оган бермесе, онда айып үпай есептеледі.
2. Егер ауада доптар түйісіп қалып жаіпса,
онда
ойыншылар допты алып, өз орындарына келіп, ойынды әрі царай
жалгастыруга тиіс.
3. Дөңгелек бойымен допты тез және айып үпайынсыз
экелген команда жеңімпаз атанады.
Достарыңызбен бөлісу: