I БӨЛІМ
Ойындардың тэрбиелік мәні
Халықтардың ғасырлар бойы жасалған асыл қазыналарының
бірі - тамаша тәрбие құралы ойындар. Бұл пікіріміз жалаң болмас
үшін, заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдардың бірі -
Мұхтар Әуезовтің мына пікірін еске ала кетейік: «Біздің
халқымыздың өмір кешкен ұзақ жолында, өздері қызықтаған
алуан өнері бар ғой. Ойын деген, көңіл көтеру, шаттану емес,
ойынның өзінше бір мағынасы болған».
Балалардың ойын әрекетінде екі өте маңызды объективті
факторларының арақатынасы бар:
бір жағынан,
балалар
практикалық әрекетке араласады, денелік жағынан дамиды,
дербес әрекет жасауға эдеттенеді, екінші жағынан, бұл эрекеттен
моральдық жэне эстетикалық қанағат алады, өзін қоршаған
ортаны танып - білуін тереңдетеді. Мұның бэрі түбінде жалпы
алғанда жеке адамның тәрбиеленуіне игілікті эсер етеді. Қорыта
айтқанда, ойын - бұл тәрбиенің кешенді құралдарының бірі, яғни
жан - жақты
денелік даярлығына,
ағзаның
жетілуіне,
ойыншының ой - қабілетінің дамуына бағытталған.
Ойын - эмоционалды әрекет, сондықтан балалармен
тэрбиелік жұмыста үлкен бағалы дүние ретінде болады. Көптеген
эртүрлі ойындардың ішінде балалардың арасында қимылды
ойындар кеңінен тараған. Қимылды ойындар ұжымдық сипатта
орын алатындықтан, балаларды үжымға, бірлікке үйретеді.
Ойындар балаларда жолдастық, ынтымақтстық сезімдерді жэне
бір - бірінің ісіне деген жауапкершілікті дамытады. Ұжымдық
ойынға қатысу арқылы бала жақсы жағдайда жолдасына доп
беру, қолға түкен жолдастарын құтқарып алу сияқты қамқорлық,
сыйластық т.б. қасиеттерді бойына қалыптастыруға негіз болады.
Ынтымақтастық жэне жолдастық сезім ойындар арқылы
біртіндеп тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі жэне кіші мектеп
жасындағы
балаларда
өз
қимылдарын
жолдастарының
қимылдарымен тек қана үйлестіру қажет болады. Кейіннен бірін
- бірі құтқарып, жолдастарына көмектесетін ойындар пайда
болады. Бұдан кейін өз қызығушылығын командасының,
4
ұжымдық қызығушылығына багындыратын ойындарды қолдана
бастайды.
Ойында бір ойыншының екінші ойыншыға, команданың
екінші командаға қарсы эсер етуі тэн. Осыған байланысты,
ойнаушылар алдында тез шешімін табуға тиісті әртүрлі міндеттер
пайда болады. Ол үшін аз уақыттың ішінде пайда болған
жағдайды бағалап, дұрыс әрекет таңдап, оны орындау қажет.
Осындай ойындар балалардың өз-өздерін танып - білуіне
көмектеседі.
Ойынның
ережелері
оқушыларды
сапалы
тэртіпті,
адалдықты, үстамдылықты тәрбиелеуге игі ықпалын тигізеді,
өзінің жекелік ұмтылыстарын тежеуге үйретеді.
Қимылды ойындардың бәрі баланың техникасына азды -
көпті эсер етеді. Олардың көпшілігі оның еркін, зейінін, есте
сақтау үрдісін дамытады. Сонымен қатар, ойын үстінде көптеген
мәселелер кездеседі. Оларды шешуде балалардың ойлану үрдісі
өріс ала бастайды. Оның ерік - жігерлігі, ұстамдылығы, тәртіпке
бағынышты келуі - құрбыларымен достық қарым - қатынасын
нығайтуға септігін мол тигізеді.
Ойындар - интернационалдық тэрбиенің маңызды құралы.
Ойын үрдісінде оқушылардың белгілі бір мақсатты орындаудағы
әрекеттері
оның
ережелерінің
болуы,
ұлт
бойынша
командалардың құрылмауы т.б. Әртүрлі үлттың балаларына
бірігіп, жолдастық және достық қарым — қатынас орнатуға
жағдай жасайды.
5
|