«Мысық келе жатыр» ойынның түрі
Жетекші - «мысық» өзінің үйінде, ал қалған «тышқандар»
індерінде отырады. Ойын жүргізуші былай деп айтады:
«Ал, тышқандар, тышқандар,
Індеріңнен шығыңдар.
Тарғыл мысық ұйқыда,
Ойнап-билеп алыңдар».
Осыны естіген тышқандар індерінен жүгіре шығып, алаңнын
ортасына таман барып мынандай сөздермен ойнай жөнеледі:
«Ешқашан, ешқашан,
Қорықпаймыз мысықтан».
Жүргізуші «мысық келіп қалды» дегенде, бэрі де үн-түнсіз
орындарында жыбырламай /қимылдамай/ тұрып қалулары қажет.
Қайсысы жыбырласа, мысық оны «үйіне» алып кете береді. Ол
«мысық кетті» деген хабар келгенше, аулай береді. Мысық белгі
бойынша 2-3 рет үйінен шығады. Кейін қайтадан жаңа мысық
сайланып, ойын жалғаса береді.
«Кім келді»
Өткен ойындағыдай бэрі тұрулары керек. Бір адам көзін
байлайды немесе, ол көзін жұмады. Жүргізуші бір ойыншыға
белгі береді. Ол көзі байлаулы оқушының иығынан ұстап бір
дауыс береді, немесе оның есімін айтады. Мұны дауысын
өзгертіңкіреп орындауды. Жүргізушінің хабары бойынша көзін
ашып, кімнің келгенін табуы қажет. Осылай ойын жалғаса береді.
Ал ережесі «Кімнің даусы, біліп көр» ойынындай болады.
«Доп жерде»
Әзірлік.
Ойынға барлық қатысушылар дөңгелек бойымен тұрады.
Оның ортасына екі ойыншы орналасады. Дөңгелектің бойында
тұрғандар бір немесе екі тізелеріне отырады. Оларда бір волейбол
добы болуы қажет. Ортадағы екі ойыншы - жүргізушілер, беттері
мен допқа бұрылады.
Ойынды баяндау.
Ойын басқарушының белгісі бойынша ойынға қатысушылар
екі жетекшінің аяқтарына тигізу үшін допты домалатады. Ал,
олар допты тигізбеуге тырсысады. Егерде біреуінің аяғына доп
тисе, ол жанағы ойыншының орнына тұрады. Кімде - кім
жетекшінің орнында болмаса, сол жеңеді. Ал, ең бірінші жетекші
болған ойыншы ұтылған болып есептелмейді.
Ереже.
1. Ойын белгі бойынша басталады.
2. Доп тиген жетекші, оган доп тигізген ойыншыныц
орнымен ауысады.
3. Допты тізеден төмен гана тигізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |