әдістің дұрыс қолайлы жақтарын бір біріне қосып толықтырған. Бұл әдіс әдейі
ұйымдастырылған лабораторияда, қабинеттерде жүргізілмей, табиғи жағдайда
жүргізіліп, адам күнделікте жүретін, тұратын, еңбек ететін жағдайында
зерттелінеді. Мысалы, балалардың психикалық әрекеттерін зертейтін болсақ, ол
балаларда
күнделікті
үйренген
сыныбында
немесе
бірге
оқитын
жолдастарының арасында, ойнап жүрген уақытында, үй ішінде, балалар
бақшасында зерттеуге болады. Бұл әдіс арқылы адамның жеке-жеке
психикалық функцияларын ғана емес, адамның барлық әрекеттерін тұтасмен
толығымен зерттеуге мүмкіндік бар. Зерттеу жүргізілерде, кейбір ӛзгешеліктер
енгізіп, солар арқылы зерттеуді жүргізуге болады. Мысалы, мұғалім кейбір
балалардың суреттерді байқауын сабақ үстінде зерттейтін болса, ерте бастан
балаларға кӛрсету үшін арнап, бірнеше суреттер даярлап, күндегі сабағын қалай
жүргізсе балаларға зерттеу жүргізетін күні де сабағын бұрынғы күйінде
жүргізеді
Жоғарыда айтылған әдістер сияқты табиғи эксперименттік әдістің де
бірнеше кемшіліктері де бар: бұл әдіс кӛп қолданылмаған, кӛп зерттелінбеген,
теориялық негіздері түгел ашылмаған және бұл әдіс арқылы психологиялық
функцияларды эксперимент әдісіндегідей жекелеп, даралап толық түрде
зерттеуге мүмкіншілік жоқ. Дегенмен, бұл әдісті эксперименттік әдіспен
салыстырғанда кӛп қолайлы жағдайлардың бар екенін кӛрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: