Анкета әдісі.
Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға
болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға
жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда,
немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір
фактілі материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері –
жаппайлығы, яғни бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай
мағлұматтарды алуды мүмкіншілігі болуы. Мәселен, анкета әдіс арқылы күні
бұрын бланкіге жазылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады.Осы әдіспен
әртүрлі топтың, ұжымның психологиялық ӛзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі,
талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты
ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері
кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әдісті
пайдалануына болады. Анкеттадағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, жалпы саны
5-8-ден аспауы тиіс. Алынған материалдардың нәтижесі статистикалық
(сандық) талдаудан ӛткізіледі. Мұның негізгі кемшілігі - адамның шын
кӛңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса, оны қағаз жүзінде дұрыс кӛрсетпеуі
де мүмкін. Бірақ анкетаның бұл жаппайлылығының кейбір елеусіз
жетімсіздіктері бар. Себебі анкета арқылы алынған материалдардың бәріне сене
беруге болмайды. Ӛйткені анкетадағы сұрауларға қайтарылатын жауаптар
субъективтік үстіртін қате болуы, я болмаса толық болмауы мүмкін.
Анкетаны барлық зерттеулерде орынсыз қолдана беруге болмайды. Оны
сондықтан адамдардың шығармашылық жемістері, сазгерлердің музыкалық
шығармаларын, суретшілердің суреттерін, сәулетшілердің жасаған мүсіндерін,
үйлерін, ақындардың, жазушылардың шығармаларын, кілемшілердің тоқыған
кілемдерін т.б. зерттеп, олардың психологиясымен танысуға болады.
Шығармашылық әрекеттердің ағымын зерттеп, адамның ақыл ойының әрекет
етуін зерттеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: