экспериментші ӛзі ырықты есте сақтауға әсер етуші ретінде зерттегелі отырған
факторларды дисперсиялық талдау үшін ӛзі беліп алады. Математикалық
аппаратты пайдалана отырып, ырықты есте сақтау үшін бӛлініп алынған
факторлардың кайсысы маңыздырақ және басқа факторлардың ролі қандай
екенін анықтауға болады.
Факторлық талдау.
Психологиялық зерттеулер нәтижелерін ӛңдеудің
анағұрлым күрделі әдісі факторлық талдау болып табылады. Бұл әдістің
күрделілігі факторлық талдаудың алдында бірнеше әзірлік кезеңі
болатындығында, оның барысында факторлық талдау белгілерінің шамасы
айқындалады, осы белгілерді сандық белгілеу ӛткізіледі және корреляциялық
матрицалары, яғни әр белгінің белгілі бір жүйенің барлық белгілерімен
байланысы тығыздығын бейнелендіретін корреляция коэффициенті кӛрсетілген
таблица құрастырылады. Корреляциялық матрицалар факторлық талдау үшін
материал болады. Мұнда, бір мезгілде кӛптеген сандық деректерді есептеуге
тура келетіндіктен, матрицаларды ӛңдеу есептегіш қондырғының кӛмегімен
жүзеге асырылады.
Факторлық талдау тәуелді және тәуелсіз факторлардың санын,
факторлардың топтағы салмағын анықтауға және зерттеліп жатқан құбылысқа
әсер ететін белгісіз факторларды табуға мүмкіндік береді. Психологиялық
зерттеулерді жүргізу кезінде зерттеу әдістерін нақтылы әдістемелерді сондай-
ақ нәтижелерін сандық жағынан ӛңдеудің әдістерін тура таңдай білудің манызы
зор. Алайда, әдіс қаншалықты сәтті және дұрыс таңдалып алынғанымен әдістер
жүйесін пайдаланған жӛн. Мұндай жағдайда неғұрлым толық, терең мазмұнды,
ал ең бастысы объективті нәтижелер алуға мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: