тәжірибесінің барлығы да маңызды болатынын И.М.Сеченов бірнеше рет
кӛрсеткен. Сонымен, И.М.Сеченов рефлекстің ми қатарын, оның табиғи
бастауы (сезім мүшелеріне әсер етуден) мен соңынан (жауап қайтару
қозғалысынан) оқшаулап қарау дұрыс емес екендігін кӛрсетті.
И.П.Павловтың еңбектері мен оның мектебінде әрекеттің рефлекторлық
принципі ӛзінің дамуына және эксперименттік негізіне ие болды. И.П.Павлов
пен И.М.Сеченовтың психикалық әрекетті мидың рефлекторлық әрекеті
түрінде түсінуінің дұрыстығын дәлелдеді, оның негізгі физиологиялық
заңдарын ашты ғылымның жаңа саласын - шартты рефлекстер туралы ілім
жоғарғы нерв әрекетінің физиологиясын қалыптастырды. Бұл физиологиялық
процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ
мидың тӛменгі бӛліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі
кӛрініп отырады.
Қозу – әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің
қызмет жасап тұрған белсенді күй болса, тежелу, керісінше, нерв жүйесін
тыныштандыратын процесс больш табылады. Қозу және тежелу процестері
ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мәлім болған, оның кейбір
зандылықтары да зерттелген. И.М.Сеченовтің мидың тежелуі жӛнінде
пікірлеріне сүйене отырып, И.П.Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі
болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы
мүмкін еместігін, бұл нерв процестерінің жұмысы организмнің бүкіл ӛмірінің
барысында үздіксіз болып отыратындығын делелдеді. Мұны мына мысалдан-ақ
жақсы байқауға болады. Егер адам бір нәрсеге қатты зейін қойса, онда
айналасындағы заттарға қарамайды, ӛйткені кітапқа қадалған кезде мидың
алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу
мен тежелудің осындай жұмысын кӛрсететін мысалдарды кӛптеп келтіре беруге
болады.
И.П.Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде
тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол тежелуді сыртқы -
Достарыңызбен бөлісу: