Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады.
Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат
жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан,
қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара кӛпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің
нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес,
сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да кӛрініп отырады.
Демек, адам ӛзін табиғаттан бӛліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі
дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды
интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, ӛшпенділік,
жек кӛру, жирену түрінде кӛрінеді) сипатта болуы мүмкін. Кӛп жағдайларда
саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді.
Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен кӛрінеді. "Адамның санасы
объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды".
Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол ӛзі мекендеген жердің
жағдайын ӛзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі
соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде ӛзгертуге талаптанады, оны ӛз
қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен
табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл
Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның
Достарыңызбен бөлісу: