1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет20/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129
шартсыз 
(яғни, 
туғаннан пайда болатын) және ішкі - 
шартты
 (ӛмірде жасалып отыратын) деп 
екі үлкен топқа бӛлді. 
Сыртқы  тежелудің  ӛзі бірнешеге бӛлінеді. Соның бірі  -жай тежелу.  Егер 
шартты  рефлекс  жасалып  жаткан  бӛлмеге  жаңадан  бір  тітіркендіргіш  қосылса 
(мәселен, бӛлмеге бӛтен кісінің кіруі),  ит сілекей бӛлуді тоқтатады, яғни жаңа 
тітіркендірііш  шартты  рефлекстің  пайда  болуына  бӛгет  жасап,  оны  тежеп 
тастайды. 
Тежелудің бір  түрі организмнің ӛмірі үшін аса маңызды  Егер,  организм 
сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркендіргіштеді сезе алмаса, ол жауынан қорғана 
да, тамағын тауып жей де алмас еді. 
Сырткы  тежелудің  екінші  түрі  - 
шектен  тыс  тежелу.
  Ми  қабығының 
жұмыс  істеу  қабілетінің  белгілі  шегі  бар.  Егер  миға  үнемі  күшті 
тітіркендіргіштер  әсер  ете  беретін  болса,  нерв  клеткаларының  тәртіппен 
біркелкі  жұмыс  істеуіне  нұқсан  келуі  мүмкін.  Мидың  шаршаған  кезінде  пайда 
болып,  оны  апаттан  сақтап  қалатын  тежелудің  осыңдай  түрін  кейде 
қорғаныс 
тежелуі 
деп те атайды. 


 
Ішкі  тежелудің  де  бірнеше  түрі  бар.  Солардың  бірі  -  сӛне  тежелу.  Егер 
шартты  тітіркеңдіргіш  (мысалы,  қоңырау),  бірнеше  рет  беріліп,  бірақ  шартсыз 
тітіркендіргішпен  (тамақ)  нығайтылмаса,  онда  шартты  рефлекс  жасалынбай 
сӛне  бастайды,  яғни  байланыс  уақытша  тежеледі.  Біраздан  кейін  тағы  да 
қоңырау  соғылса,  шартты  рефлекс  те  қайтадан  пайда  болады.  Бұл  шартты 
байланыстың  бұзылмағандығын,  тек  уакытша  тежелгенін  кӛрсетеді.  Мұндай 
тежелулсрдің  пайдасы  организмге  бір  жағдайда  қажетсіз  болған  рефлекстерді 
уақытша ӛшіріп отыратындығында. 
Ішкі  тежелудің  бір  түрі  - 
ажырату  (дифференциациялық)
  тежелуі.  Бұл 
организмнің  түрлі  заттар  мсн  құбылыстардың  арасындағы  ұқсастықтарды 
айыра  білу  қабілетін  кӛрсетеді.  Мысалы,  итке  шартты  рефлекс  жасауда 
метроном  арқылы  96  per  тамақ  бермей,  әр  100  соққанда  ғана  тамақ  беріп 
отырса, кейіннен сілекей тек метроном  100 рет соққаңда ғана шыға бастайтын 
болады.  Тежелудің  осы  түрінің  организмнің  тіршілігі  үшін  маңызы 
айтарлықтай. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір-біріне ӛте ұқсас 
тітіркендіргіштерді де тез ажырата алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет