сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады,
яғни екінші сигналдық дәрежесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады.
«Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам іс-
әрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат
кӛздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей
талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ
талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада
іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Іс-
әрекет арқылы табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында
қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен ӛтіп барып, одан әрі іс-әрекетке
әсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, кӛңілін ӛсіреді, 2-ден тоқмейілсу
туғызады. Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу қызмет
атқарушы орган немесе организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи
таусылуы. Шаршау қажыған адамның кӛңіл күйі. Тынығу іс-әрекет түрін
ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға
мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды және сапасы
тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: