танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің
тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына
байланысты.
Мәселен, кӛшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға кӛзі
түссе, оған мойнын бұрады не полицияның ысқырығына жалт қарайды т. б.
Адам ӛмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас
балаларда жиі кездеседі. Ӛйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-
әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының
нәтижесінде оның психикасы ӛте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді.
Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген
қорытынды тумау қажет. Адам ӛмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін
тиісінше орын алып отырады.
Қызығу -
ырықсыз зейінді туғызады. Ӛйткені қызықты іске кӛңіліміз тез
ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз
кітапты оқу- ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы
тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда
адам ӛз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды,
ӛйтпесе іс ӛнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.Ырықсыз
зейіннің кӛрінуіне тӛмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (кӛзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің ӛзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);
ә)адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну, кӛңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: