еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта
келіп, оның мида ауысып отыруының ӛзі зейін бағытының да ӛзгеріп отыруы
деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің
күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы
болады. Оптимальдық қозуы бар алап (ӛзара индукция заңы) мидың баска
бӛліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған
объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал
жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сӛздік сигналдар ми
қабығындағы
осындай
алаптардың
бір-біріне
ауысуын
тездетіп
отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта
болатынын жақсы кӛрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың,
кӛздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б.) жақсы кӛрінеді.
Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Ӛйткені, осы айтылғанға
біршама ұқсас сыртқы кӛріністерді ӛмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан
да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне карап, бір дегеннен
баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды.
Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: