Мысалы, адам ӛзінің жүрісінің әрбір қадамын қадағалап, талдау жасауға
тырысса, жүрісінен жаңыла беретін болады.
Әрекетті дағдыға айналдыру сананы босатып, оны іс-әрекеттегі маңызды
мақсаттарды шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Дағдының творчестволық іс-
әрекет үшін маңызы аса зор болатыны осыдан. Қарапайым әрекеттер дағдысын
қалыптастырмайынша, творчестволық іс-әрекетке жағдай туғызу мүмкін емес.
Перспектива құру дағдысын игермеген суретші персонажды қалай бейнелеуді
емес, оны болашақта қалай орналастыруды ойлауға мәжбүр болады. Сӛйлемді
дұрыс құру дағдысын игермеген жазушы ӛз кейіпкерлерінің психологиялық
трактовкасын жасаудан гӛрі, сӛйлемнің грамматикалық құрылымын кӛбірек
ойлайды.
Сӛйтіп, қандай да іс-әрекетте болсын оны орындаудың дұрыс әдісін игеру
және жеке компонентін дағдыға айналдыру сол іс-әрекетті табысты атқарудың
бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Белгілі бір іс-әрекет жүйесінде
қалыптасқан дағдылардың сипаты меін дәрежелерінід арақатынасы адамның
психикалық ерекшеліктеріне тәуелді болады. Нерв жүйесі әр түрлі адамдарда
танымдық, бағдарлаушылық және атқарушылық іс-әрекеттегі арақатынаста
түрліше болады. Бұл сол адамдардың бәрінің де еңбек тапсырмасын табысты
орындауға мүмкіндік береді. Нерв қызметінің типі бір адамдарға еңбек
процесінде қимылды неғұрлым дәл орындауға, ал ӛзгелеріне неғұрлым тез
орындауға мүмкіндік береді. Осылайша, дағды адамның жеке басының
қасиетіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: