Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет112/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   490
Байланысты:
index (15)

дымқылды,  құрғақ

  және 


жартылай құрғақ дәрілеу

 болып ажыратылады. Соңғы екі тәсіл, әсіресе 

жартылай құрғақ дәрілеу, барынша кең тараған. Құрғақ дәрілегенде улы 

химикат ұнтақ түрінде тұқым бетіне қонады. Мұндай дәрілеуді арнаулы 

дәрілегіш  машиналарда  желдің  жылдамдығы    2  сек/м  –ден  аспағанда 

жүргізеді.  Құрғақ  дәрілеудің  кемшілігі  -  препараттың  тұқым  бетіне 

айтарлықтай  нашар  жабысуы,  осыдан  санитарлық-гигиеналық  еңбек 

жағдайларының  нашарлауы  болып  табылады.  Бұл  кемшілік  жартылай 

құрғақ дәрілеу жолымен жойылады. Жартылай құрғақ дәрілеу барынша 

кең  тараған,  ол  үшін  ұнтақ  улағыштың  1  тонна  тұқымға  арналған 

мөлшерін  5-10л  суға  араластырып,  соңынан  тұқымды  дәрілейді. 

Улағыштар тұқым бетіне жақсы жабысу үшін суға жабыстырғыш заттар 

(ерігіш  шыны  -  100-200г/т,  сульфит  бардасының  концентраты  -  100г/т 

ж.б.).  Сондықтан  дәріленген  тұқымды  қаптауға,  үюге  тасымалдауға 

болады. 

 

Кесте  7.  Тұқымдық  жадығатты  дәрілеуде  улы  химикаттардың 



мөлшері (т/кг). 

 

Дақыл 



Вита-

вакс 


200ФФ, 

34 % 


ТМТД, 

80 % 


Фун-

дазол, 


50 % 

Рак-


сил, 

6 % 


Фено-

рам, 


70 % 

Кол--


фуго  -

супер, 


20 % 

Агро- 


КП-

2,5  % 


Диви-

денд, 


0,30 

Бидай 


1,5-2,0 

1,5-2,0 


2,0-3,0  0,4 

2,0-3,0  1,5-2,0   

2,0 

Арпа 


1,5-2,0 

2,0-3,0  0,4 



2,0-3,0  1,5-2,0   

3,0 


Сұлы 

2,0-3,0 


2,0-3,0   

 

 

 



 

Қара бидай 

1,5-2,0 


2,0-3,0   

 

 



 

 

Тары 



2,5-3,0 

2,0 



 

2,0 


 

 

 



Асбұршақ 

3,0-4,0 



3,0 

 

 



 

 

 



Күнбағыс 

2,0-3,0 



3,0 

 

 



 

 

 



Рапс 

5,0-6,0 



 

 



 

 

 



Қыша 

5,0-6,0 



 

 



 

 

 



Еркекшөп 

3,00-4,0 



3,0-4,0   

 

 



 

 

Мақта  



4,0 

8,0-10,0 

 

 



 

3,0 


 

Жүгері 


2,0-3,0 

2,0 


 

 



 

 

2,0 



Картоп 

2,1-2,5 



0,5-1,0   

2,0 


 

 

 



Қант 

қызылшасы 

4,0-6,0 


 

 



 

 

 



Қарақұмық 

2,0 



 

 



 

 

 



Күріш 



2,0-3,0   

 

 



 

 

Эспарцет 



2,0-3,0 


 

 



 

 

 



 

Себілетін күні  дәрілеу  тиімсіз,  ал  барынша  тиімдісі  –  себуден  5-8 

ай бұрыны. Витавакс ж.б. сияқты улағыштармен тұқымды себуден 4-30 

тәулік бұрын дәрілеген дұрыс. 



 

 


 

89 


2  –  ТАРАУ.  АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ  ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ 

ӨНІМІН  БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ  ІЛІМДІК  (ТЕОРИЯЛЫҚ) 

НЕГІЗДЕРІ 

 

2.1 Өнімді бағдарламалау – ғылыми және оқу пәні 

 

Бағдарламалаудың  ғылым  ретінде  даму  тарихы.

  Өнімді 

бағдарламалау  негізі  бойынша  кешенді    ғылыми-зерттеулер    XIX-ші 

ғасырдан  бастап  XX  ғасырдың  алғашқы  жылдарына  дейін    агрономия 

ғылымының  негізін  салушы  ғалымдармен  жүргізіліп  және  оның  негізі 

салынған.  Олар  жүргізген    ғылыми  зерттеулерде  өсімдіктердің  негізгі 

тіршілік  ететін  факторлардың  қажетсінуі  санды  көрсеткіштермен  

бағаланған.  Осы  ғалымдар  арасынан  Ю.  Либих,  Г.  Гельригель,               

Э.  Вольни,  Д.Н.  Прянишников,  К.А.  Тимирязев,  В.Р.  Вильямс  және  т.б. 

атап өтуге болады.       

Өте  қарқынды  ғылыми  зерттеулер  ХХ  ғасырдың  30-шы  жылдары 

жүргізіліп  және  одан  алынған  нәтижелері  өндіріске  еңгізіле  басталды. 

Бұл  бағыт  бойынша  ең  алғашқы  жұмыстар  осы  жылдары  Ресейдің 

картоп  селекционері  А.Г.  Лорхпен  жүргізілген,  ол  Мәскеу  облыс 

жағдайына  500  ц/га  картоп  түйнектерінің  өнімін  алу  жүйесін  дайындап 

және  оның   нақты  жинаған  өнімі  528  ц/га, ал  кейінгі  жылдары  700  ц/га 

дейін жетті.  

А.Г.Лорхпен  дақылдың  биологиялық  ерекшелігіне  сүйеніп 

дайындалған  бағдарлама  онтогенез  үрдісінде  өсімдіктің  өсіп  дамуына  

толық  сәйкес  болды  және  одан  кейін  өсімдіктердің  қоршаған  орта 

факторларына қоятын талаптарына сәйкес қоректік заттармен ылғалмен 

және т.б. факторлармен қамтамасыз етілуі реттелінді.  

ХХ  ғасырдың  30-ші  жылдарының  соңында  Мәскеу  облыс 

жағдайына  М.С.  Савицкий  күздік  жұмсақ  бидайдың  100  ц/га  астық 

өнімін  алу  бағдарламасын  дайындады,  оның  негізіне,  А.Г.  Лорхтың 

бағдарламасына  қарағанда,    өнім  құрастыратын  негізгі  элементтер:  бір 

метр  алаңдағы  өсімдіктер  саны  және  өнімді  сабак  саны  (масақтар), 

масақтағы  дәндер  саны,  1000  тұқым  массасы  енгізілген  ол  жасаған 

формула  алынды,  сонымен  қатар  жоспарланған  өнім  деңгейін  

қалыптастыру үшін қажетті тыңайтқыш мөлшері есептелініп бөлшектеп 

еңгізілген, ал нәтижесінде 99,8 ц/га астық өнімі қалыптасқан.    

Ақырында    өсімдіктердің  өсіп дамуын  бақылайтын,  дәл  көрсететін 

аспаптар  жасалғаннан  кейін,  ғылымды  жаңа  экспериментальды 

материалдармен  байытты,  әсіресе  егістіктердің  фотосинтетикалық 

әрекетін  зерттеу  бойынша.   



Осы  сұрақтың  маңыздылығын  К.А. 

Тимирязев    алдын-  ала  болжаған,,    оның  пікірі  бойынша  топырақ  

құнарлылығының  шегі  енгізілген  тыңайтқыш  және    суарылған  су       

 

мөлшерімен  анықталмайды,  ол  жер  бетіне  күннен  келіп  түсетін 



жарық  энергиясы  мөлшерімен  анықталады.   

Өсімдіктер  хлорофилл- 




 

90 


жасыл  пигмент  арқылы,  күн  энергиясын  органикалық  заттар  химиялық 

энергиясына айналдырады да  өсімдік массасын жинақтайды.    



  

Сондықтан 



максималды  мүмкін  өнім  деңгейін  алудың  негізгі 

проблемасы  өсімдіктердің  фотосинтетикалық  әрекетін  басқаруды 

үйрену  және  егістіктермен  күн  энергиясын  толық  пайдалану  болып 

табылады. 

  

ХХ  ғасырдың  50-70-ші  жылдары  фотосинтез  және  өсімдіктердің 



өнімін  арттыру  мәселелерімен  А.А.  Ничипорович  шұғылданды,  ол  60 

ц/га  астық  өнімі  қанағаттанарлық  екенін  ілімдік  (теориялық)  түрде 

дәлелдеді,  ал  жоғары  өнімдер  егістіктердің  фотосинтетикалық 

потенциалын толық пайдаланғанда 200 ц/га астық немесе өсімдік құрғақ  

фитомассасы өнімінен  артық болу  керек.      

Өткен  ғасырдың  50-90  –  шы  жылдары  а.-ш.  дақылдардың  өнімін 

қалыптасуын  зерттеу  мәселелерімен  көптеген  ғалымдар  айналысты, 

бірқатар  ғылыми мектептер пайда болды, мысалы, А.М. Рябчиков және 

Т.И.  Шашко  нақты  өнім  деңгейін  қалыптастыру  үшін  әртүрлі  топырақ-

климат  аймақтарында  дақылдардың  потенциалды  мүмкіншіліктерін 

анықтауға 

мүмкіндік 

беретін 

фитомассаның 

гидротермиялық 

көрсеткіштерін  және  өсімдіктердің  биологиялық  өнімдерін  анықтау 

әдістерін даярлап және есептеу формуласын ұсынды.    

Н.А.  Ефимова  (1969),  Х.А.  Молдау  (1963)  вегетациалық  кезеңде 

орта  айлық  ФБР  кірісін  пайдалана  отырып  өнім  деңгейін  ФБР  кірісі 

бойынша  анықтайтын  есептеу  әдісін,  ал  А.М.  Алпатьев  егістіктермен 

ылғалдың кіріс және шығыс тепе –тендік (баланс) әдістемесін даярлады.      

Әсіресе,  үлкен  зерттеу  жұмыстары  өнімді  бағдарламалаудың 

барлық  негізгі    ұстанымдары  (принциптері)  бойынша  К.А.  Тимирязев 

атындағы  Мәскеу  а.-ш..  академиясында  И.С.  Шатилов  және  М.К. 

Каюмовтың  жетекшіліктерімен  жүргізілді.    Бұл  мәселелер  бойынша 

ғылыми  зерттеу  жұмыстары    басқада  ғылыми-зерттеу  институтарында 

(В.Р.  Вильямс  атындағы  БҒЗИ,  өсімдік  физиологиясы  ҒЗИ,  Чернигов 

тәжірибе  стансасында  (К.П.Афендулов,  Н.И.Лантухова)  және  жоғары 

оқу    мекемелерінде  (Волгоград  АШИ,  Иванов  АШИ  -  Ю.А.  Чухнин)   

жүргізілді.  Өсімдіктерді  минералды    қоректендіру  мәселелері  бойынша 

зерттеу  жұмыстарына  үлкен  үлес  қосқан  Ресей  агрохимиктары               

В.Г.  Минеев,  Б.А.  Ягодин  және  т.б.  Тамыржемістілер  және  көкөніс 

дақылдар  егістіктерінде  өнімді  бағдарламалауды  пайдаланудың    жеке 

сұрақтары      бойынша    Н.Г.  Щепетков  және  т.б.  бұрынғы  Целиноград 

АШИ –да зерттеу жұмыстары жүргізілген. 

1975  жылдан  бастап  Н.И.  Можаевтың  жетекшілігімен    Целиноград 

АШИ-да  (қазір  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университеті)  мал  азықтық  дақылдардың  өнімін  бағдарламалау 

мүмкіншілігін  зерттеу  бойынша    жұмыстар  жүргізілген.  Табиғи 

ылғалдану  және  суармалы  жерлерде  егістіктермен  ылғалды  пайдалану 

ерекшеліктері  зерттелді,  мал  азықтық  дақылдардың  супайдалану 

коэффициенттері, 

мал 

азықтық 


дақылдар 

егістіктерінің 

(жер 



 

91 


оттылығының) оңтайлы сабақ жиілігінің орта көрсеткіштері есептелінді, 

тұқымның  себу  мөлшерін  есептеу  әдістемесі  даярланды  және  оларды 

есептеу  үшін  анықтау  коэффициентері,  жоспарланған  өнім  деңгейіне 

есептелген  тыңайтқыш  мөлшерін  қолдану  тиімділігі  анықталды.  Осы 

мәселелер  бойынша  зерттеу  жұмыстарының  көрсеткіштерін  теқсеру 

және  үлкен  аумақта  өндіріске  еңгізу  Ақмола  облысының  Целиноград 

ауданындағы  бұрынғы  «Октябрь»,  «Рассвет»,  М.Маметов  атындағы, 

Вишнев ауданындағы (қазір Аршалы) «Новоалександровский» және т.б. 

совхоздарда  жүргізілді.  Мәселен,  агроном  А.Н.  Можаевпен  (1986) 

жүргізген    өндірістік  тәжірибелерде,  өнімді  бағдарламалаудың    кейбір 

элементтерін  қолданғанда  Ақмола  облыс  жағдайында  суармалы 

жерлерде  150-160  ц/га  дейін  жоңышқа  пішенін,  800-850  ц/га  дейін 

жүгері  жасыл  балаусасын,  650  ц/га  дейін  мал  азықтық  қызылша 

тамыржемісінің тұрақты өнімін алуды қамтамасыз етті.     

Жүргізілген 

зерттеу 


жұмыстары 

негізінде 

төмендегідей 

қорытындылар жасалды:  

-өнімді  бағдарламалау  -  алдын-ала  есептеп  және  дақылдар  мен 

сорттар  потенциалының  параметрлерін,  ылғалмен  қамтамасыз  етілуі 

және  т.б.  факторлар    бойынша  өсіру  технологияларының  элементтерін, 

соның  ішінде  –  оңтайлы  сабақ  (егін  жинау  алдында)  жиілігін  -    

анықтайды; 

-  тұқымдық  материалдарды  тиімді  пайдалану  арқылы  тұқымның 

себу  мөлшерін  есептеу  әдістемесін  даярлау  негізінде,  табиғи  және 

суармалы ылғалдану жағдайларында  жапырақ беті аумағының оңтайлы 

көрсеткіштерін  және  егістіктің  фотосинтетикалық  потенциалын 

қалыптасу,  тыңайтқыш  мөлшерін  есептеу  және  т.б.  бағалау 

мүмкіншілігін анықтайды. 

Өнім  деңгейін  анықтау  және  оны  өндіріс  жағдайында 

бағдарламалау  үшін  реттелмейтін  факторларды  барынша  ескере 

отырып,  өсімдік  тіршілігіне  әсер  ететін  барлық  реттелетін 

факторларды оңтайландыруға ұмтылу  керек.  

Жоғарыда аталған негізде  туындайтын қорытынды:  

Өнімді  бағдарламалаудың  барлық  негізгі  мәселелері  бойынша  ХХ 

ғасырда  ғалымдармен  үлкен  ілімдік  және  іссаналық  материалдар 

жинақталған, сонымен қатар  осы тәсілдер Солтүстік Қазақстанның 

өндірістік  жағдайларында    қолдануының  жоғары  тиімділігі 

дәлелденген.          



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет