94
Өнімді бағдарламалауды өсімдіктердің өсуі мен дамуын, дақылдар
егістіктерінің қажетті уақытында реттелетін қоршаған орта
факторларымен (қоректік заттар, өсіру технологиясы және т.б.)
қамтамасыз ету арқылы қалыптасуын, танаптық жағдайларда
реттелмейтін факторларды (жарық, жылу, ылғал, көмір қышқыл газы
және т.б.) тиімді пайдаланатын ғылым ретінде қарастыру жөн.
Реттелмейтін факторларды пайдалану деңгейін арттыруды бірқатар
агротехникалық тәсілдер (дақылдар, сорттар, себу мерзімі мен әдісін
таңдау, бір өлшем алаңда оңтайлы өсімдіктер санын қалыптастыру,
тыңайтқыш енгізу, зиянкестер және аурулармен зақымдалмаған сау
өсімдіктер өсіру және т.б.) арқылы жетуге болады.
Қазақстан аумағында әрбір гектар топырақ (егістік) бетіне жылы
кезеңде 14,5-15,5 мд КДж кем емес энергия келіп түседі, ал
егістіктермен оның - 0,5-1,0% дейін пайдаланылады. Сондықтан өсімдік
шаруашылығының маңызды мәселелерінің бірі - жер бетіне келіп
түсетін күн энергиясының дақылдар егістігімен 2-3 %-дан кем емес
мөлшерін пайдалануына шаралар даярлап және жағдай жасау.
Фотосинтетикалық белсенді радиацияның (ФБР) келіп түсуіне әсер
ету мүмкін емес, бірақ ұзақ мерзімде жұмыс қабілеттілігін сақтайтын
(фотосинтетикалық потенциал, ФП) өсімдіктердің нақты саны және
жапырақ беті аумағы бар егістіктер қалыптастыруға болады. Сонымен
қатар, келіп түсетін күн энергиясын пайдалануына өсімдіктердің
морфологиялық ерекшеліктері әсер етеді, олардың габитусы :
жапырақтары
розетка
тәрізді
пішінді
өсімдіктерге
қарағанда
жапырақтары биік, кезектеп орналасқан өсімдіктер күн энергиясын
жақсы шоғырландырады, жапырақтары өткір бұрышты орналасқан
дақылдар мен сорттар да оны толық пайдалануға қабілетті; себу
жұмыстарын жүргізгенде қатарларының бағыты шығыстан батысқа
қарай орналасқанға қарағанда солтүстіктен оңтүстікке
қарай
орналасқанда өнім жоғары қалыптасады.
Егістіктер өнім деңгейін шектейтін басқа да факторлар бар:
ылғалмен қамтамасыз етілуі, топырақ құнарлылығы, рН, ауа режімі
(ережесі), көмір қышқылымен қамтамасыз етілуі.
Дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне (олардың қоршаған
орта
факторларына
қоятын
талаптарына)
сүйене
отырып
бағдарламаланған өнім деңгейін есептеуге болады, осы өнім деңгейіне
оңтайлы сабақ жиілігін және тұқымның себу мөлшерін, тыңайтқыш
мөлшерін, топырақты өңдеу және егістіктерді күтіп-баптау және
оңтайлы өсіру технологияларының басқа да элементтерін анықтап,
нақты аймақтың биоклиматтық потенциалын толық пайдалану арқылы
екпе дақылдардың жоғары өнімін қамтамасыз етеді.
Бағдарламалау - санды көрсеткіштермен белгіленген өнімнің
қалыптасуына әсер ететін барлық факторлармен егістіктерді қамтамасыз
етуін қарастырады және әрбір фактордың теңдестігін (балансын) жасау
арқылы кірісі мен шығысын бағалау.
95
Сонымен, жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып
төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
- өнімді бағдарламалау – алдына қойылған міндеттерді шешуге
өзінің әдістері бар ғылым бөлімі, оның негізінде өсімдіктердің басты
тіршілік факторларын (күн радиациясы, ылғал, жылу, қоректік заттар)
есептейтін теңдестік (баланс) әдісі жатыр, сонымен бірге алдын - ала
жоспарланған өнім деңгейін алуды қамтамасыз ететін барлық факторлар
және тәсілдер кешені есептелінеді.
- өсімдіктердің фотосинтетикалық қызметі мен минералды
қоректенуі өнімді бағдарламалаудың теориялық негізі болып табылады,
мұның өзін агрофитоценозбен климат жағдайларының белгілі бір
параметрінен тұратын бірегей биологиялық жүйе деп қарастыру керек.
- зерттеу объектісі (зерзат) - өсімдік және оның сыртқы орта
факторларымен өзара байланысып өсуі және дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: