Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет117/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

 

 

2.2  Биоклиматтық  көрсеткіштерді  және  дақылдар  мен 

сорттардың әртүрлі пісу топтарын өсіру мүмкіншілігін бағалау

 

 



 

 

И.С. Шатилов ұсынған  бағдарламалаудың 



он 

ұстанымының 

төртеуі 

өнімнің 


қалыптасуына 

реттелмейтін 

қоршаған 

орта 


факторларының  (биоклиматтық  жағдай,  ФБР  кірісі,  егістіктердің 

ылғалмен  қамтамасыз  етілуі  және  дақылдардың,  сорттардың, 

агрофитоценоздардың т.б. потенциалды мүмкіндіктері) әсерін есептеуге 

бағытталған.  Оқулықта  барлық  сұрақтар  осы  жүйе  бойынша 

қарастырылады.  

 

Дақылдар  мен  сорттардың  потенциалды  мүмкіндіктері  олардың 



тіршілігіне қажетті факторлармен оңтайлы қамтамасыз етілген жағдайда 

ғана    толық  ашылады,  осыған  орай  өсімдіктердің  осы  факторларға 

қоятын  талаптарын  білу  және  оларды  аймақтың  нақты  топырақ-климат 

жағдайында  мұқтаждығын  қамтамасыз  ету  мүмкіндігін  есептеу  қажет, 

яғни аймақ, облыс, аудан жағдайларында биоклиматтық баға беріледі. 

 

Биоклиматтық  бағалау  мына  негізгі  параметрлер  бойынша 



жүргізіледі:  көпжылдық  орташа  жауын-шашын  мөлшері  және  олардың 


 

99 


жыл  бойы  бөлінуі;  орташа  тәуліктік  температура  жиынтығы,  ауаның 

орташа  тәуліктік  температурасы  0º,  +5º,  +10º  -  тан  ауысу  күндері  және 

осы температуралардан жоғары кезеңнің ұзақтығы; алғашқы және соңғы 

бозқырау түсетін күндері; алғашқы күзгі және соңғы көктемгі бозқырау 

түсетін  күндеріне  байланысты  бозқыраусыз  кезеңнің  ұзақтығы;  тиімді 

құнарлылығы  және  т.б.  көрсеткіштер  бойынша  топырақты  бағалау, 

нақты  мүмкін  өнім  және  т.б.  есептеу.  Сонымен  қатар  жемшөпке,  және 

тұқымға  өсіргенде  әртүрлі  пісу  топтары  бойынша  дақылдар  мен 

сорттардың жиынтық белсенді температураға қажеттілігін; әртүрлі өсіп- 

даму  кезеңдерінде  бозқырауға  төзімділігін  және  олардың  басқа  да 

биологиялық  ерекшеліктерін  бағалайды.  Атап  айтқанда,  аймақтың, 

шаруашылықтың  нақты  топырақ  -  климат  жағдайына  әрбір  дақыл,  сорт 

өсіру мүмкіншілігі анықталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет