Өнімді бағдарламалау бойынша жүргізілетін жұмыстардың
негізгі кезеңдері.
Қарастырылған мәселе бойынша туындайтын
қорытынды: өнімді бағдарламалау - өсімдік шаруашылығы, жемшөп
өсіру, егіншілік, агрохимия, топырақтану, өсімдік физиологиясы, өсімдік
қорғау, а.ш. механикаландыру, физика, кибернетика, а.ш. экономикасы
және т.б. біріктіретін агрономия ғылымында біршама жаңа бағыты.
Бағдарламалаудың негізгі міндеті, біріншіден, әрбір дақылдың
қоршаған орта факторларына (жылу, ылғал, қоректік заттар, жарық және
т.б.) қоятын талабын білу керек, екіншіден, реттелмейтін факторлармен
қамтамасыз етілуіне қарай (жарық, жылу, ылғал) әсіресе өнімдегі
шектейтін факторлар бойынша егістіктің потенциалды мүмкіндіктерін
бағалауды үйренген жөн, үшіншіден, шектеулі фактор бойынша
(қоректік заттар, агрофитоценоз қалыптасу) мүмкін өнімнің деңгейін
есептеу негізінде ең жоғары мүмкін өнім алуға бағытталған реттелетін
факторлардың сандық мәнін анықтаған дұрыс.
Ғылым саласы ретінде өнімді бағдарламалаудың қойылған мақсатты
шешуге арналған өзіндік тәсілі бар, оның негізінде өсімдік тіршілігінің
басты факторларын есептеудің тепе теңдік (баланстық) әдісі алынған
(күн радиациясы, ылғал, жылу, қоректік заттар элементі және т.б.),
басқаша айтқанда, жоспарланған өнім деңгейін алуды қамтамасыз ететін
факторлар мен шаралар жиынтығы алынады.
Сонымен бағдарламалау -тепе теңдік (баланстық) әдісімен нақты
шаруашылық, танап жағдайында екпе дақылдардың өнім деңгейін
белгілеуді қарастырады, өсімдік тіршілігіне қажетті реттелетін
98
факторларды оңтайландыруға (қоректік заттар, жапырақ беті ауданы
т.б.) және оған қоса реттелмейтін факторларды барынша есепке алуды
ескереді.
Өнімді бағдарламалау - максималды немесе потенциалды өнім,
нақты мүмкін өнім, және өндіріс жағдайында алынатын нақты өнім
түсініктеріне ғылыми негіз береді, ПӨ-НМӨ-НӨ арасындағы
сәйкессіздіктің себебін және осы көрсеткіштердің арасындағы
алшақтықты азайту шараларын анықтайды.
Өнімді бағдарламалауда үш негізгі кезеңдерді орындау қажет.
Біріншісі – нақты топырақ--климат аймағына шектелген факторлар
кешенін анықтау және оны модельдеу негізінде мүмкін өнімді дәлелдеу.
Екіншісі – алдын-ала жоспарланған өнімді алу үшін өндірісте тиімді
нақты сандық критерийлерін (максималды мүмкін өнім, максималды
таза табыс немесе минималды шығын) таңдап, тиісті агротехникалық
шаралар кешенін даярлау.
Үшіншісі - өнімнің қалыптасуына оперативті бақылауды
қамтамасыз ету және жоспарланған агротехникалық шаралар жүйесіне
қажетті түзетулер енгізу.
Жаңа электронды есептегіш машиналар (ЭЕМ) шығуына
байланысты полигондарда, нақты өндірістік жағдайларда, топырақ
бонитетін, көпжылдық орташа климат көрсеткіштерін және т.б. арқылы
есептелген нақты мүмкін өнім деңгейін ескеріп өндірістік жағдайларда
да өнімді бағдарламалауына мүмкіндік туды. Өнімнің өндірістік
жағдайына байланысты көптік линейлі регрессия модельдері
даярланады, модель бойынша өнімді бағдарламалау ЭЕМ арқылы
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |