Солтүстік-шығыс бөлігі
терең және
көптеген қазан-шұңқырлы көлдері бар кәдімгі жазықтықпен, еңкіш
төбешіктер, қырлармен сипатталады және облыстың бұл бөлігі Ертіс
бойы жазықтықты түзеді, оның теңіз деңгейімен есептегендегі биіктігі
негізінен 100-ден 120-150 м-ге дейін өзгереді;
Оңтүстік-батыс бөлігі
қазақтың ұсақшоқыларына жатады және теңіз деңгейінен 200-250-ден
300-350 м-ге жоғары жатыр.
Топырақтары
4 аймақшаға (подзоны)
бөлінген: бірінші аймақша облыстың ең солтүстік бөлігін алып жатыр,
ол
өзіне
аздау
қарашірікті
карбонатты
және
сортаңдау
қаратопырақтарды біріктіреді; оңтүстігіне қарай шамалы қарашірікті
сортаңдау күңгірт қара-қоңыр топырақтардың екінші аймақшасы
(подзона) орналасқан, олар негізінен орташа және жеңіл саздақты
топырақтар; одан әрі қарай шамалы қарашірікті тереңірек қайнайтын
(вскипающая) құмдақ нашар дамыған қара-қоңыр топырақтар (үшінші
аймақша) жалғасады (Ертіс өзенінің сол жағалауы); ашық қара-қоңыр
топырақтардың төртінші аймақшасы Май ауданының солтүстік бөлігін
қамтиды. Бұл облыста барынша құнды және құнарлы топырақтарға қара
және қара-қоңыр топырақтар жатады (бірінші және екінші аймақшалар).
Ол жерлерде дәнді дақылдарды (бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, тары)
ойдағыдай өсіруге болады. Үшінші және төртінші аймақшалар
топырақтарының механикалық құрамы – жеңіл, құндылығы шамалы,
құнарлығы төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |