Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет18/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   490
Байланысты:
index (15)

Таулы  және  аласа-таулы  аймақ.

  Бұл  өтпелі  ылғалмен 

қамтамасыз етілген аймақ, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 380-

640 мм, негізінен таулы қара топырақтар, күңгірт және ашық қара-қоңыр 

биік  таулы  беткейлер,  шалғынды  қара-қоңыр  және  таулы  ашық  қара-

қоңыр  топырақтары  кең  тараған,  бұл  аймақта  масақты  дәнді  дақылдар 

ж.б. ойдағыдай өсіріледі. 

Таулы-далалы  аймақ

  суармалы  және  тәлімі  егіншілік  аймағы 

болып  табылады. Мұнда  орташа  жылдық атмосфералық ылғал  мөлшері 

340-540 мм. Бұл аймақтың топырақ бедері механикалық құрамы әртүрлі 

болып  келетін  топырақ  типтерімен  ерекшеленеді.  Орташа  қарашірікті 

және  шамалы  қарашірікті  таулы  қара  топырақтар  дән  (зернистой) 

құрылымды,  жақсы  қамтамасыз  етілген  тәлімі  жерлер  топырақтары  деп 

есептеледі.  Сонымен  қатар  таубеткейлі  күңгірт  және  ашық  қара-қоңыр, 




 

15 


күңгірт-шалғынды  топырақтар  де  біршама  тараған.  Бұл  өңірде  масақты 

дәнді  дақылдар,  техникалық  ж.б.  ауылшаруашылық  дақылдары  кеңінен 

өсіріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет