Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі
орны.
Асбұршақка жақсы
алғы дақылдар - өздерінен кейін топырақты арамшөптерден таза және
жеткілікті мөлшерде қоректік заттар мен ылғал қалдыратын дақылдар.
Оларға сүріден кейінгі жаздықтар және жақсы тыңайтылған отамалы
дақылдар (картоп, тамыржемістілер, жүгері ж.б.) жатады. Асбұршақ
қайталама егістікті нашар көтереді, өйткені аурулармен (фузариоз)
залалданады және зиянкестермен (бізтұмсықтар, жемірқұрттар)
жарақаттанады, топырақта нематодалар тез көбейеді. Асбұршақты
жаздық дәнді астық дақылдарынан кейін себуге де болады.
Көптеген ғалымдар асбұршақты бұрынғы орнына 4 жылдан ерте
орналастыруға болмайтынын кепілдейді.
Асбұршақтың өзі басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып
табылады. Оны жиі түрде екі жаздық астық дақылдарының арасына
немесе дәнді дақылдар мен техникалық дақылдардың арасына
орналастырады.
Асбұршақтың ерте пісетін сорттарын екпе сүрі жерлерге себеді
және мұнда олар жаздық дақылдарға жақсы алғы дақыл.
Достарыңызбен бөлісу: |