Тұқымды себуге дайындау.
Себуге асбұршақтың тұқымдық
кондицияға жеткізілген ірі және біркелкі тұқымдарын пайдаланады. Өну
энергиясын, танаптық өнгіштігін арттыруда, қуатты егін көгін алуда
және жас өскіндерді микроорганизмдерден, саңырауқұлақ аурулары мен
зиянкестердің зақымдануынан сақтандыруда тұқымды дәрілеудің
маңызы зор. Ылғалдандыра дәрілеудің тиімділігі барынша жоғары.
Себуден 15-30 тәулік бұрын дәрілеген дұрыс. Ол үшін асбұршақ
тұқымын ТМТД 80 % (3-4 кг/т), фундазол, 50 % (2,0 кг/т) улы
химикаттарының бірімен ПС-10, «Мобитокс» дәрілегіш машиналарда
дәрілейді (әрбір тонна тұқымға 10 л су араластырылады).
Ылғалды аудандарда және суармалы жерлерде асбұршақ тұқымын
нитрагинмен өңдеу (инокуляциялау) жақсы нәтиже береді: өсімдік
тамырларында түйнек бактерияларының түзілуіне мүмкіндік жасайды,
азотфиксациясын күшейтеді және нәтижесінде астық өнімі артады. Ол
үшін тұқымдық материалды еденге немесе брезент үстіне жазады да 1
гектар танапқа себілетін тұқым мөлшеріне есептелген шөлмектегі
нитрагинді 1 л суға ерітіп, жайылған тұқымғы шашады, соңынан
тұқымды әбден араластырады. Тұқымды көлеңкелі жерде өңдейді, ал
себуді қақпағы жабылған сепкіштермен себеді (тікелей түскен күн
сәулесі түйнек бактерияларын өлтірмеу үшін). Мұндай тұқымдарды сол
күні себу қажет.
330
Достарыңызбен бөлісу: |