331
Асбұршақ егістігі арамшөптермен қатты ластанғанда гербицидтер
қолданылады: біржылдық дара және қосжарнақты арамшөптерге қарсы
асбұршақ көктегенге дейін топыраққа Прометрин, 50% (препарат
бойынша 3-5 кг/га) бүркіледі; біржылдық қосжарнақты арамшөптерге
қарсы Базагран 48% (3,0 кг/га) асбұршақтың 5-6 жапырақ кезеңінде
егістік бүркіледі, біржылдық және көпжылдық қоңырбас тұқымдас
арамшөптерге қарсы Фюзилад Супер 125 (1,0-2,0 кг/га) асбұршақтың 4-5
жапырақ кезеңінде егістік бүркіледі. Шіркейлер көбейіп кеткенде
асбұршақ егістігі 40 % фосфамид препаратымен - 0,5-1,0 кг/га өңделеді.
Асбұршақ жемірқұрттары мен басқа зиянкестерге қарсы егістік
асбұршақтың өсіп-даму кезеңінде Ровикурт, 25% (0,3 кг/га) бүркіледі.
Достарыңызбен бөлісу: