Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет326/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

НОҚАТ 

 

Халық шаруашылығындағы маңызы



Ноқат (қой мүйізі) - маңызды 

дәнді  бұршақ  дақылы.  Азық-түліктік  және  мал  азықтық  мақсаттарға 

өсіріледі.  Тұқымындағы  белоктың  мөлшері  20,1-тан  32,4  %-ға  дейін 

өзгереді.  Белок  жеңіл  ериді,  жануарлар  мен  жақсы  сіңіріледі.  Ноқат 

астығына  азықтық  ферменттердің  жоғары  ингибиторлар  мөлшері  тән, 

ондай  кемшілігін  жою  үшін  түқымдарын  жылумен  өңдеу  ұсынылады. 

Тұқымдарында көп мөлшерде фосфор, калий мен магний болады. Ноқат 

-  лецитин,  рибофлавин  (В

дәрумені),  тиамин  (В



1

  дәрумені),  никотин 

қышқылы, колиннің мол көзі. Сортына  байланысты тұқымдағы майдың 



 

332 


мөлшері 4,1-тан 7,2 %-ға дейін өзгереді, осы көрсеткіш бойынша ноқат, 

майбұршақтан басқа, барлық дәнді бұршақ дақылдарынан асып түседі. 

Ноқатты  өсіретін  аймақтарда  оны  азық-түлікке  және  мал  азығына 

кеңінен  пайдаланады,  сонымен  бірге  консерві,  макарон  және  кондитер 

өнімдерін  өндіруде  шикізат  ретінде  де  колданады.  Нан  пісіруде, 

кондитер  және  макарон  өнімдерін  дайындағанда  бидай  ұнына  ноқат 

ұнын  араластырғанда  (10-20%)  аталған  өнімдердің  қоректілігі  мен 

дәмдік қасиеттерін арттырады. 

Ноқатты  тағамға  пісірілген  және  қуырылған  күйінде,  кофеге 

суррогат  үшін  пайдаланады.  Азық-түліктік  мақсатқа  әдетте  ақ  түсті  ірі 

тұқымдарын,  ал  күңгірт  және  ұсақтұқымды  сорттарын  малды 

азықтандыруға қолданады. Құстардың азық рационында ноқатты балық 

ұнының орнына белокты жемазық ретінде пайдалануға болады. 

Балауызды  түктермен  көмкерілген  ноқат  сабақтары  мен 

жапырақтарында  қымыздық,  алма,  лимон  қышқылдары  болады, 

сондықтан оның жасыл балаусасы мал азығына қолданылмайды десе де 

болады,  тек  қана  қой  мен  жылқыға  ғана,  оның  өзінде  ұнтақтап  берген 

жөн. 


Ноқат  -  басқа  дақылдарға  жақсы  алғы  дақыл.  Дәнді  бұршақ 

дақылдарының ішінде ол барынша құрғақшылыкқа төзімді дақыл. Ноқат 

жылусүйгіш,  сонымен  қатар  суыққа  төзімді  өсімдік,  далалы  аймақтың 

агроклиматтық жағдайларына бейімделген, өйткені ол құрғақшылық пен 

аңызақтан  аз  зардап  шегеді  де  басқа  дәнді  бұршақ  дақылдарымен 

салыстырғанда 

айтарлықтай 

жоғары 


және 

тұрақты 


өнім 

қалыптастырады. 



Ноқат  жоғары  технологиялық  дақыл:  егістігі  жапырылмайды, 

кешіктіріліп  жиналғанда  астығы  шашылмайды,  тікелей  орып 

бастырылатын дақыл.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет